













Целиноград ауданы Аққайың ауылындағы «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты Президенттік орталығының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Халықаралық қарттар күні мен Халықаралық музыка күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың жолдауларында бірнеше рет атап өтілген инклюзивті қоғамның дамуына ықпал ете отырып, аға буынға терең құрмет пен қолдау көрсету.
«Біздің Орталықта әрқашан жайлылық, жылулық пен құрмет бар. Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын, өмірлік тәжірибелеріңізді бізбен бөліскеніңізге алғыс айтамыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін», - деді «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Қуандық Сандыбаев аға буын өкілдеріне арнаған сөзінде.
Сонымен қатар, Қ.Сандыбаев өз сөзінде мерекелік шараны ұйымдастырғаны үшін Президенттік орталықтың басшылығына алғысын білдірді.
Жоспарланған бағдарлама аясында екі тақырыптық бөлімнен тұратын көрме өтті.
«Тәуелсіздік – елдің тірегі» атты бірінші бөлімде Президенттік орталықтың қорындағы жәдігерлер арқылы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму тарихы көрсетілсе, «Әлем халықтарының музыкалық аспаптары» атты екінші бөлім қонақтарды әр түрлі халықтардың дәстүрлі музыкалық аспаптарымен және ұлттық киім үлгілерімен таныстырады. Экспозиция көрермендерге мәдени мұрамен етене жақын танысуға, сондай-ақ музыка мен дәстүр адамдардың жасы мен шығу тегіне қарамайтын біріктіруші күш екенін сезінуге мүмкіндік береді.
Көшпелі тақырыптық көрмені әдеби-сазды кеш толықтырды. Президенттік орталықтың қызметкерлері жүрекке жылу, көңілге шуақ сыйлайтын шығармаларды орындады. Әуелеген ән мен күмбірлеген күй кеш қатысушыларына шат-шадыман көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өзара бірлік пен түсіністік атмосферасын орнатты.
«Бүгін біз «Шапағат» орталығында сіздерге мереке сыйлағанымызға қуаныштымыз. Қазақтың «қариясы бар елдің қазынасы бар» деген сөзі тегін айтылмаған. Биыл біз сіздердің ұйымдарыңызға бірінші рет аяқ басып тұрмыз. Бүгін сіздер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мен Мемлекет басшысына сыйға тартылған дипломатиялық сыйлықтар, яғни Президенттік орталықтың мұражайлық коллекцияларымен, музыкалық аспаптармен және әлемнің ұлттық киімдерімен танысу мүмкіндігіне ие боласыздар. Сіздердің баға жетпес кеңестеріңізге алғысымыз шексіз. Ерен еңбегіңіз үшін рахмет. Баршаңызға жақсылық тілейміз», - деді Президенттік орталығының директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.
Мерекелік іс-шаралар сенбілікпен аяқталды. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Президенттік орталықтың қызметкерлері Орталықтың аумағын тазартып, сол арқылы қарт адамдарға қолайлы жағдай жасады.
Анықтама. Жыл сайын 1 қазанда Қазақстанда БҰҰБас Ассамблеясының 45-ші сессиясында жарияланған және аға буынға құрмет, сүйіспеншілік пен қамқорлыққаарналған Қарттар күні атап өтіледі.
Бұл күн Егде жастағы адамдарды қолдаудыңмаңыздылығына назар аударуға арналған, әсіресе халықтыңқартаюына байланысты жаһандық өзгерістер жағдайында.
«Әлемдік демографиялық перспективалар» есебінесәйкес, 65 жастан асқан жас тобындағы адамдардың саныбасқа жас топтарымен салыстырғанда жылдам қарқынменөсуде. Болжам бойынша, 65 жастан асқан егде жастағы халықтың үлесі 2050 жылы 16% - ға дейін өседі және 5жасқа дейінгі балалар санынан екі есе көп болады және 12жасқа дейінгі балалар санымен бірдей. Қазақстандағыжағдай әлемдік трендке сәйкес келеді. 5 жыл ішіндеҚазақстанда тұратын қарттардың үлесі 22,2% - ға өсті.
Елді мекеннің типі, тұрғылықты жері және әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштері бойынша мыналарбелгіленеді:
- демографиялық бөлімде ерлерге қарағанда әйелдеркөп (63%) (37%);
- 65 жастан асқан адамдардың көпшілігі Алматықаласында (205 586), Қарағанды (139 449) және Түркістаноблыстарында (121 299)тұрады;
- ең аз саны Маңғыстау (42 353), Атырау (44 203) жәнеҰлытау облыстарында (20 356).
Қазақстанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері –131 872 теңгені құрайды.
Мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары бар:
✅табысы төмен немесе өмірлік қиын жағдайға тап болған қарттарға арналған әлеуметтік жәрдемақылар;
✅ тұрғын үй жағдайларын емдеу немесе жақсартусияқты арнайы қажеттіліктерді жабуға арналған біржолғыжәрдемақылар;
✅ ауруханаларда тегін медициналық көмек жәнеемдеу;
✅ есептеу аспаптары мен газ жабдықтарын орнатуғажұмсалған шығындардың өтемақысы;
✅ санаторийге жолдамалар және т. б.