Басты бетОқушыларға мемлекеттік рәміздердің пайда болуы мен тарихтағы маңызы түсіндірілді

Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің пайда болуы мен тарихтағы маңызы түсіндірілді

Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің пайда болуы мен тарихтағы маңызы түсіндірілді Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің пайда болуы мен тарихтағы маңызы түсіндірілді Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің пайда болуы мен тарихтағы маңызы түсіндірілді

24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Астана қаласындағы Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясының оқушыларына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында көшпелі дәріс өткізді.

Сабақ барысында оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік атрибутика тарихынына терең бойлады. Дәрісте елтаңба мен тудың элементтері мен бейнелеріне, халық пен елдің тарихын көркем суреттейтін әнұран сөздерінің  терең мағынасына баса назар аударылды. Архивтік фото- және бейнематериалдар, сондай-ақ Президенттік орталықтың қорынан алынған музей артефактілері көрнекілік ретінде ұсынылды. Оқушылар мемлекеттік рәміздердің жасалу жолы туралы бейнероликті қызығушылықпен тамашалады.

Дәріс соңында оқушылар топ болып тапсырмаларды орындап, ой бөлісіп, пікір алмасты.