
Астананың экономикалық-заң колледжінде «Қазақстандағы ислам: тарихы, проблемалары және болашағы» атты көшпелі дәріс өткізілді.
Сабақ барысында студенттер қазақ жерінде мұсылман дінінің пайда болу тарихымен, сондай-ақ егемен Қазақстандағы ислам дінінің институционализациялануымен танысты. Қазақ халқының өзіне тән руханияты мен мәдениетін қалыптастырудағы негізгі арқаудың бірі ретіндегі исламның рөлі атап өтілді.
Бұқаралық мәдениеттің жаһандануы жағдайында діни ережелер мен нормаларды сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Қазақстанда діни экстремизмнің пайда болу мәселелеріне, деструктивті идеологиялардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігіне, діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі заңнамалық нормаларға және т.б. Ерекше назар аударылды.