


Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында елордадағы Шерхан Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназияның оқушыларына «Қазақтың музыка өнері» тақырыбында музей сабағы өткізілді.
Музейдің интерактивтік залында өткен сабақта жеткіншектер қазақ халқының ұлттық аспаптарының, оның ішінде қобыз, домбыра, жетігеннің шығу тарихымен танысты. Сондай-ақ Дәулеткерей Шығайұлы, Дина Нұрпейісова, Әміре Қашаубаев, Нұрғиса Тілендиев т.б. өнер майталмандарының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мол мағлұмат алды.
Сабақ барысында оқушылар сазсырнайдың жасалуы жолына қызығушылық танытып, үрмелі аспаппен орындалған халық әні «Балапан қазды» тыңдады. Сабақ соңында жеткіншектер сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмасты.