Басты бетҚР Президенттік орталығының музейлік жинағы: естелік медаль «Franciscus Pontifex Maximus anno XI»...

ҚР Президенттік орталығының музейлік жинағы: естелік медаль «Franciscus Pontifex Maximus anno XI» (Мемлекет басшысына ұсынылған дипломатиялық сыйлықтардан)

ҚР Президенттік орталығының музейлік жинағы: естелік медаль «Franciscus Pontifex Maximus anno XI» (Мемлекет басшысына ұсынылған дипломатиялық сыйлықтардан)

2024 жылы 19 қаңтарда Ватиқан қаласында Рим Папасы Францисктан Қасым-Жомарт Тоқаевқасыйға тартқан естелік медалі. 

Естелік медаль қоладан жасалған, пішінідомалақ, сары түсті. Алдыңғы жағында: жиегіндеитальян тілінде: «Franciscus Pontifex Maximus annoXI» жазуы айналды жазылған. Артқы жағында: жиегінде итальян тілінде «SIMUL inveniendae suntpacis semitae» жазуы жазылған. Суреттегіэлементтерді бейбітшілік пен сенім символы ретінде бейнелеген.

Мемлекет басшысы Рим Папасыныңшақыруымен Ватикан қаласына алғашқы ресмисапарын жасады. 

ҚР Президенті екіжақты қатынастар аясындаҚазақстан шынайы достыққа, келісім мен құрметкенегізделген Қасиетті Тақпен арадағы серіктестіктіжоғары бағалайтынын атап өтті. Кездесу соңындаМемлекет басшысы Рим Папасына алғыс айтып, Қазақстан алдағы уақытта толеранттылық, үйлесімділік, бауырластық идеяларын дәріптеудеҚасиетті Тақпен ынтымақтастық жасауға ниеттіекенін растады.