
2023 жылы Астана қаласында кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, әуесқой бокста 2016 жылғы Олимпиада қатысушысы, 2013 жылы әлем чемпионы, 2013-2014 жылдары Азия Чемпионы, кәсіпқой бокста орта салмақтағы WBO Global тұжырымы бойынша және WBC Continental Americas тұжырымы бойынша чемпионы, WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевқа бокс қолғабын сыйға тартқан.
Көк және сары қолғап. Қолғапта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнесі және «Kassym-Jomart Tokayev» деген жазу бар. Қолғаптың бас бармағында Қазақстанның картасы бейнеленген, «Қолдауыңызға рахмет!», «Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы» деген жазулар бар.
Айта кетейік, өткен жылы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен белдесуде Жәнібек Әлімханұлы германиялық Винченцо Гуальтиери Алиді жеңіп, қарсыласын нокаутқа түсірген болатын. Кездесу 6-шы раундта аяқталды. Бұл неміс спортшысының кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісі болды. Боксшымыз өз жеңісін Қазақстан халқына арнады.