Басты бетБалабақшаға музей әлемі таныстырылды

Балабақшаға музей әлемі таныстырылды

Балабақшаға музей әлемі таныстырылды

Астана қаласының №20 «Арайлым» бөбекжай-бақшасында ҚП ПІБ Президенттік орталығының «Атамекен» ғылыми-білім беру жобасы аясында «Думан» және «Шабыт» мектепалды топтарының тәрбиеленушілеріне арналған көшпелі музей сабақтары өткізілді.

«Атамекен» жобасының мақсаты – өз Отанының тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне, тарихи ескерткіштері мен Қазақстан астанасына құрметпен қарауға тәрбиелеу, патриоттық сезімді қалыптастыру, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың коммуникативтік, зерттеу дағдыларын, өз бетінше ойлауы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақ барысында мектеп жасына дейінгі балдырғандар жұмбақтарды шешу, ойын тапсырмаларын орындау және Президенттік орталықтың қорындағы музей экспонаттарымен танысу арқылы әліпбидің әріптері туралы білімдерін  бекітті. Балалар сөздік қорын жаңа сөздермен байытты.