
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймын!
Еліміз жаңа даму кезеңінен өтіп жатыр, және де біз бірге «Әділетті Қазақстанның» құрылуына үлес қосып келеміз, оның сенімді іргетасы жалпыхалықтық референдум нәтижесінде жаңартылған Конституция болып табылады. Осы өзгерістердің аясында азаматтардың елді басқару жүйесіне қатысу құқықтары кеңейіп, азаматтық құқықтарын қорғау күшейтілді, сондай-ақ Парламенттің рөлі ұлғайып, басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен президенттік республикаға көшу жүзеге асырылды.
Бүгіннің өзінде конституциялық реформаның бірінші кезеңі толықтай жүзеге асырылды: Конституциялық сот қайта құрылды және толық жұмыс режиміне қосылды, сондай-ақ Мемлекет басшысы Сот шешімдеріне өзгеріс еңгізе алмайды, партияларды тіркеу тәртібі жеңілдетіліп, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы жаңа ереже бойынша өтті, алғаш рет ауылдар мен аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауы болды, Ұлттық құрылтай өткізілді, митингілерге рұқсат беру жүйесі хабарландыру жүйесімен ауыстырылып, бұл қоғамның пікір білдіру белсенділігінің артуына ықпал етті, «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы бойынша алғашқы мақсатты жинақтар балалардың шоттарына аударылды, экономика саласында тікелей инвестициялар ұлғайып, олардың көлемі 41 млрд АҚШ долларын құрады, ал заңсыз жолмен алынған активтер елге қайтарылған сома 1 трлн теңгеден асты.
Әрине, өзгерістер еңгізу - бұл өте ұзақ үдеріс, бірақ бастама жасалды. Енді осы ауқымды түрлендірулердің түпкілікті нәтижесі тек өзімізге байланысты.
Бүгінгі мереке күні сіздерге және отбасыларыңызға бақыт пен денсаулық, бейбітшілік пен ізгілік, табыс пен береке, барлық жоспарларыңыздың жүзеге асуын тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін! Бәріміз бірігіп өмірімізді жақсартамыз!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы
Президенттік орталығының директоры
Бақытжан ТЕМІРБОЛАТ