Басты бетҚазақстан Республикасы Президенттік орталықта «Менің Отаным – Қазақстан» атты балаларға арналған...

Қазақстан Республикасы Президенттік орталықта «Менің Отаным – Қазақстан» атты балаларға арналған мерекелік сабақ өтті

Қазақстан Республикасы Президенттік орталықта «Менің Отаным – Қазақстан» атты балаларға арналған мерекелік сабақ өтті Қазақстан Республикасы Президенттік орталықта «Менің Отаным – Қазақстан» атты балаларға арналған мерекелік сабақ өтті Қазақстан Республикасы Президенттік орталықта «Менің Отаным – Қазақстан» атты балаларға арналған мерекелік сабақ өтті Қазақстан Республикасы Президенттік орталықта «Менің Отаным – Қазақстан» атты балаларға арналған мерекелік сабақ өтті Қазақстан Республикасы Президенттік орталықта «Менің Отаным – Қазақстан» атты балаларға арналған мерекелік сабақ өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 28 тамызы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты Президенттік орталықта Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне және Білім күніне орай Астана қаласындағы №96 мектеп-гимназиясының болашақ бірінші сынып оқушылары үшін «Менің Отаным – Қазақстан» атты мерекелік сабақ өтті. 

Бұл шараға 30-дан астам бала қатысты.

Мерекелік сабақ өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, туған елге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға және тәрбиелеуге, сондай-ақ балалардың Қазақстан туралы білімдерін жинақтап, жүйелеуге, республиканың мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті көзқарасты дамытуға бағытталған.

«Бүгінгі сабақта кішкентай бүлдіршіндеріміздің Отан тақырыбына орай дайындаған өздерінің жүрекжарды тақпақтарын, әндері мен өнерлерін қалай көрсеткеніне куә болдық. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз.Бұл бағытта өз Отанын, елін, туған қаласын сүюге бағыттайтын балалар шығармашылығын ұйымдастыруда Президенттік орталық пен елорданың білім беру мекемелері арасында көптеген жылдардан бері тұрақты әріптестік қатынас орнады», - деп атап өтті құттықтау сөзінде ҚР Президенттік орталығының директорының орынбасары Серік Сыдықов.

Шара барысында болашақ мектеп оқушылары Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларымен және туған елінің тарихымен танысты. 

Сонымен қатар, мерекелік сабаққа қатысушылар өз білімдері мен таланттарын көрсетіп, Қазақстан туралы тақпақтар мен нақыл сөздер айтып, әндер орындап, өздерінің хореографиялық қойылымдарын көрсетті.

«Мектеп табалдырығын енді ғана аттап тұрғанбалаларымыз үшін мұндай мерекелік іс-шараға қатысу өте маңызды әрі пайдалы. Бұл оларға болашақта бүкіл елдің сенімді тірегі мен мақтанышы болу үшін мүмкіндігінше жақсы оқуғадеген керемет бастама мен ұмтылыс беретініне сенімдімін», - деп болашақ оқушылар бірінің әжесі Венера Сапарова өз әсерімен бөлісті.

​Айта кету керек, бүлдіршіндерге арналған алғашқы қоңырау соғылды, бұл олардың өміріндегі жаңа және маңызды кезеңнің басталуын білдіреді.

​Мерекелік шара соңында Президенттік орталық «AG TECH» ЖШС-пен бірлесіп кішкентай қатысушыларға алғашқы сабақтан естелік ретінде сыйлықтар мен кәдесыйлар табыс етіп, мектеп-гимназия ұстаздарына алғыс хаттар берді.

 

Анықтама үшін: Елордалық білім басқармасының ақпараты бойынша, оқу жылының басында Астанада жалпы 187 мектеп болады. Жаңа 2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына 28 мыңға жуық баланы қабылдау жоспарлануда.

Сонымен қатар, оқушылардың әлеуметтік осал топтарына материалдық және қаржылық көмек көрсету (киім, аяқ киім және кеңсе тауарларын сатып алу) қарастырылатын болады. Бұл жұмыс барлығы 14,5 мың оқушыны қамтитын болады.

https://www.instagram.com/presidentcenterkz/