Басты бетАстанада «Білім әлемінде» атты тақырыптық көрме ашылды

Астанада «Білім әлемінде» атты тақырыптық көрме ашылды

Астанада «Білім әлемінде» атты тақырыптық көрме ашылды Астанада «Білім әлемінде» атты тақырыптық көрме ашылды Астанада «Білім әлемінде» атты тақырыптық көрме ашылды Астанада «Білім әлемінде» атты тақырыптық көрме ашылды

2024 жылғы 19 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының музейлік жинағының топтамаларынан ұйымдастырылған «Білім әлемінде» атты тақырыптық қор көрмесі өз жұмысын бастады.

Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың өлеңдерінің басым көпшілігі оқу-білім, ғылым тақырыбына алтын арқау болып өрілген. Ұлы ақынның көзқарасы бойынша, өмірде мақсатқа жеткізетін нәрсе – оқу-білім мен үнемі ізденіс. Көп оқып, көп білген еш уақытта артық болмайды, керісінше, сол арқылы кедергілердің кілтін табуға болады.

Көрмеде ұсынылған жәдігерлер Қазақстан Республикасындағы білім жүйесінің қалыптасуы, еліміздегі ұлттық жоғары оқу орындарының, аймақтағы мемлекеттік университеттердің құрылуы мен даму тарихын, олардың жетістіктері туралы жүйелі түрде баяндайды.

Көрме – Білім күніне арналып отыр. Бұл мерекенің тарихы  Кеңес Одағы кезінде 1984 жылы 1 қыркүйектен басталған.

Осы мереке жаңа ашылулардың, жетістіктер мен жеңістердің, достардың және  дана тәлімгерлердің, тәрбиешілермен кездесудің және қызықты әлемге саяхаттың басталу күні, яғни, еліміздегі барлық білім ордасы оқушылар мен студенттерге есігін айқара ашады. Бұл барша жанның көңілін толқытатын ерекше сәт деп білеміз. Мереке бәріміз үшін маңызды, ол үлкенге де, кішіге де бірдей қымбат. Өйткені, адам өмірінде қандай биіктерге жетсе де, бұл білімнің арқасында.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев атап өткендей, «Цифрлық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар жаңа буынның болашақ табысының кілті» болып табылады.

Көрмеде Предизенттік орталықтың музейлік жинақ топтамаларынан білім әлемінен сыр шертетін 100 ден астам тарихи құнды жәдігерлер ұсынылған. 

Көрменің мақсаты: Президенттік орталықтың музейлік жинағындағы Қазақстан қоғамына ерекше маңызы бар, білімнің, ғылымның түрлі салаларына қатысты жәдігерлердің тарихына шолу, олардың қоғамдағы рөлі мен маңызына тоқталу, сан алуан түрлерін көрсету болып табылады.

Көрме Астана қ., Ә. Бөкейхан к., 1а. мекенжайы бойынша 2024 жылдың 15 қырқүйегіне дейін жалғасады.

 

https://www.instagram.com