
«Лаудате Деум» («Құдайды мадақтаңыз») – бұл Рим Папасы Францисктің 2015 жылғы Лаудато Си энциклопедиясының жалғасы болып табылатын апостолдық үндеу.
Ол 73 параграфтан тұрады және 2023 жылдың күзінде Дубай қаласында (БАӘ) өткен БҰҰ-ның СОР28 Климаттық саммитіне сілтеме жасайды.
Жаңа жолдау арқылы Қасиетті Папа әлемдік қауымдастықты климаттық дағдарыс жағдайында жалпы жауапкершілікке шақырып, әлем «бөлініп жатыр және алшақтау жолында болуы мүмкін» деп мәлімдейді. Бұл қоғам жауап беруі керек ең үлкен қиындықтардың бірі, өйткені климаттық өзгерістердің әсері планетаның ең осал тұрғындарына әсер етеді.
Аталған басылым Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2024 жылғы 19 қаңтарда Ватиканға ресми сапары кезінде Рим Папасы Францискпен кездесуі барысында сыйға тартылды.
Қазіргі уақытта «Лаудате Деум» Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасы Президенттік орталығының кітапхана қорында «Эксклюзивті кітаптар» бөлімінде сақтаулы.
https://www.facebook.com/share/r/jJjyzf37ES5SpCDy/?