
Византияда VII ғасырда жасалған сабы мен қынасы алтын астарлы темір қылыш.
Бұл қару 1912 жылы Полтава губерниясында Перещепинск қазынасынан табылған заттар арасынан анықталған. Қазына табылған мекен Ұлы Болгарияның ханы Құбраттың жерленген жері болып саналады.
Бұл құнды олжаға 800-ден астам бұйымдар, соның ішінде күміс және алтын ыдыстар кіреді. Бүгінде табылған заттар Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Эрмитаж мұражайында сақталып жатыр.
Айта кетейік, Хан Құбраттың қылышы болгар халқының күші мен рухын бейнелейді. Осындай символ ретінде болгар тарапы Қазақстан Президенті Қ.Қ. Тоқаевқа сыйға тартқан еді.
https://www.facebook.com/reel/3829765134017296