
Елімізде тұңғыш жарық көрген қазақ-ағылшын және ағылшын-қазақ тіліндегі сөздік. Әлемге әйгілі «Oxford University Press» университетінің баспасынан ресми рұқсат алған және Oxford English Dictionary ағылшын тілінің сөздігінің әдіснамасы мен технологиясына сәйкес әзірленген, сөздікті басып шығаруда 50-ден астам тәжірибелі тіл мамандары 4 жыл жұмыс істеді.
«Oxford Qazaq Dictionary» сөздігінің бірінші басылымы 60 мыңнан астам сөзден тұрады және 1300 бетті қамтиды. Сөздіктің таралымы 10 000 дана. Сөздіктің ішінде қазақ және ағылшын тілдерінің қазіргі лексикасының ерекшеліктері, оның ішінде қазіргі мәдениет, ақпараттық технологиялар, медицина, экономика, қаржы және сауда салаларындағы жаңалықтар ескерілген.
Әрбір сөздің аудармасына сөз тіркесінен және тұрақты сөз тіркестерінен сөйлемдер келтіріліп, күнделікті өмірде әртүрлі әлеуметтік топтар арасында қолданылатын практикалық мысалдармен және қаратпа, қыстырма, одағай сөздермен, мақал-мәтелдермен т.б. толықтырылған.
Мұндай көлемді сөздіктің жалпы тіл мамандарына қажет құрал ретінде ғана емес, тіл үйренушілердің тілді оңай үйренуіне көмегі тиетін еңбек ретінде де маңызы зор.
https://www.instagram.com/reel/C9wJSFmiM9X/?igsh=MWs4Nng1dmMxZzFuMQ%3D%3D