
2023 жылы 6 наурызда Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаров Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевқа сыйға тартқан.
Бұл фламанд кескіндемесі және нидерландылық картография өнерінің алтын ғасырында орындалған, «Kasakki Tartari» Қазақ мемлекеті белгіленген ең әдемі карталардың бірі.
Нидерланды корольдік картографы Фредерик де Вит жасаған көркем картада Жердің батыс және шығыс жартышарлары, солтүстік және оңтүстік полюстері көрсетіліп, картаны айнала мифологиялық туындылардан үзінділер келтірілген.
Бұл 1562 жылдан 1879 жылға дейінгі кезеңді қамтитын, барлығы 130 картадан тұратын «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVІ-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты кітапқа енген карталардың бірі.
https://www.instagram.com/reel/C9uKZthsma9/?igsh=MWdnenRqeHp2YTc0aw%3D%3D