


Қазақстан Республикасының ПІБ Президенттік орталығының қызметкерлері Астана күніне орай елордадағы №84 «Кәусар» және №56 «Береке»балабақшаларының тәрбиеленушілеріне «АрайлыАстана» тақырыбында көшпелі музей сабағын өткізді.
Мерекелік сабақ балаларды еліміздің бас қаласының қалыптасу тарихымен, мәдени-тарихи құндылықтармен таныстыруға, жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған.
Сабақ барысында балдырғандар елорданың тарихымен, бас қаланың зәулім ғимараттарымен, оның ішінде «Ақорда» резиденциясы, «Астана Опера» театры, «Бәйтерек» монументі, «Бейбітшілік және келісім» сарайы, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық кешені және т.б. танысты.Сондай-ақ балалар назарына ҚР ПІБ Президенттік орталықтың музейіндегі «Астана» залының фотосуреттері мен музей экспонаттары ұсынылды.
Бас қаланың кішкентай тұрғындары сабаққа белсене қатысып, жұмбақтарды шешіп, елорданың ғимараттарын бейнелейтін пазл құрады.