

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасы Президенттік орталығыныңқызметкерлері Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушыларынакөшпелі музей сабағын өткізді.
«Қазақтың музыка өнері» тақырыбындағы сабақ атадан мұра болып жеткен қазақтың ұлттық аспаптарының шығу тарихына тереңірек тоқталу арқылы қатысушылардың қызығушылығын одан әрі арттырып, тыңдаушылардың бойында ұлттық мәдениетті қалыптастыруды көздейді.
Сабақ барысында қазақ халқының ұлттық аспаптары – қобыз, домбыра мен жетігеннің жасалу жолы мен оның түрлері жан-жақты баяндалды.
Оған қоса, дәрісте бұл ұлттық аспаптарға қатысты аңыз әңгімелері айтылды. Қорқыт атаның нақыл сөздері, Мұқағали Мақатаев пен Қадыр Мырза Әлидің домбыраға қатысты өлеңдері тілге тиек етілді. Сондай-ақ Құқық қорғау саласының қызметкерлеріне Дәулеткерей Шығайұлы, Дина Нұрпейісова, Әміре Қашаубаев, Нұрғиса Тілендиевжәне т.б. өнер майталмандарының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мол ақпарат берілді.