Басты бет4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер күні Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығы Астана қаласындағы Менеджмент, бизнес және білім колледжінің студенттері үшін көшпелі тақырыптық дәріс өткізді. Тыңдаушылар дәріс барысында Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін дүние жүзіне паш ететін мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның шығу тарихы туралы білімдерін жаңғыртты. Дәріскер Ту мен Елтаңбаның әрбір геральдикалық таңбасына, олардың білгілі бір идеологиялық жүктемесіне егжей-тегжейлі тоқталып, Әнұран мәтінінің мағынасын ашып көрсетті. Студенттерге көрнекілік ретінде мемлекеттік рәміздердің элементтеріне щолу жасалған слайдтар, сондай-ақ ҚР Президенттік орталықтың музейі мен архиві қорларынан алынған тарихи құжаттар көрсетілді. Жастар мемлекеттік рәміздердің жасалуы туралы бейнероликті шынайы қызығушылықпен тамашалады. Дәріс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқаумен аяқталды. Дәріскер тыңдаушыларды мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға шақырды. Естеріңізге сала кетейік, 1992 жылғы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Заңға қол қойылды. Бұл күн еліміздің тарихында тәуелсіз Қазақстанның өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастығын бейнелейтін жаңа мемлекеттік рәміздердің – Тудың, Елтаңба мен Әнұранның туған күні.