Басты бетӘділ Қазақстан – тең мүмкіндіктер мен прогресс елі

Әділ Қазақстан – тең мүмкіндіктер мен прогресс елі

Әділ Қазақстан – тең мүмкіндіктер мен прогресс елі Әділ Қазақстан – тең мүмкіндіктер мен прогресс елі Әділ Қазақстан – тең мүмкіндіктер мен прогресс елі Әділ Қазақстан – тең мүмкіндіктер мен прогресс елі Әділ Қазақстан – тең мүмкіндіктер мен прогресс елі Әділ Қазақстан – тең мүмкіндіктер мен прогресс елі

Екі күн бойы елордалық Менеджмент, бизнесжәне білім колледжі мен Сервис және туризм колледжінің студенттері Қазақстан РеспубликасыПрезиденті Іс басқармасының Президенттікорталығында «Әділетті қоғам – адал азамат» семинар-тренингін тыңдаушылар ретінде болды.

Семинар-тренингтер жастарды отансүйгіштікпен азаматтық сана рухында тәрбиелеу, өскелеңұрпақтың шығармашылық құндылықтарын ығайтутұрғысында қазақ мемлекеттілігі мен ҚазақстанРеспубликасының даму тарихын кеңіненнасихаттауға бағытталған. Дәрістер стратегиялыққұжаттар мен Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауларынегізінде әзірленген. Тыңдаушыларға ҚазақстанРеспубликасының тәуелсіз мемлекеттілігініңқалыптасу кезеңдері, экономика мен әлеуметтіксаланың даму ерекшеліктері, жаңғыртудың күнтәртібі мен трансформацияның тұжырымдамалықмәселелері, елдегі өмірдің жаңа сапасына қолжеткізудің негізгі мәселелері, адам мен қоғамныңқұндылық негіздері түсінідіріледі. Практикалықжаттығулар мен тренингтер қатысушылардың жекежәне командалық тиімділігін арттыруғакөмектеседі.

Сонымен қатар, оффлайн қатысушыларПрезидент орталығының музейіне және ҚазақстанРеспубликасының Ұлттық музейіне барады, сондай-ақ олар үшін «Әділетті Қазақстан – теңмүмкіндіктер мен прогресс елі» мотивациялықкездесулері ұйымдастырылады, бұл еңбектің, білімнің, таланттың арқасында жетістікке жеткенадамдардың шынайы тарихын жастар арасындакеңінен тануға және насихаттауға септігін тигізеді.

Кездесу спикері жас заңгер, «TALKYLAW» жобасының авторы және жүргізушісі, ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Сенаты жанындағы«Талдау мектебінің» қатысушысы, республикалықпікірсайыс турнирлерінің жеңімпазы Өтесін Аида Айбарқызы.

Аида студенттерге өзінің заң ғылымындағыжолы туралы айтып берді: ол мектепте дебаттарғақатыса бастады, турнирлерде жеңіске жетті, қазақлигасының үздік спикері болды. Университет қабырғасында жүргенде-ақ әр жерде тәжірибеденөтіп, сотта, нотариуста, жеке компанияда, азаматтық істер бойынша жұмыс істеп, қылмыстыққұқық саласында бағын сынап көруді шешкен. Олөзінің дамуындағы ең маңызды кезеңдердің бірібелгілі қазақ заңгері Джохар Утебековпен жұмысістеу деп санайды. Осы тәжірибесінің арқасындаАида сертификаттаудан сәтті өтіп, лицензияға иеболып, Қазақстандағы ең жас заңгерлердің біріболды.

Тыңдаушылар кездесу кейіпкерінің оқиғасынаншабыттанып қана қоймай, сонымен қатарспикермен қазіргі жастардың проблемалары: өміржолы мен миссиясын таңдау, күйзеліс, мамандықты өзгерту тенденциясы, басымдықтартуралы әңгіме өрбітіп, өздерін қызықтыратынсұрақтар қойып, дәлелді жауаптар ала алды.

Тренинг аяқталғаннан кейін барлыққатысушыларға сертификаттар, ал белсендіқатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.