Басты бетБалалар теңге тарихымен танысты

Балалар теңге тарихымен танысты

Балалар теңге тарихымен танысты Балалар теңге тарихымен танысты Балалар теңге тарихымен танысты

Елордадағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушыларыҚазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасы Президенттік орталығының қызметкерлері өткізген «Теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы» көшпелі музей сабағына қатысты.

Сабақ барысында «Ақша қалай пайда болды?»танымдық мультфильмін тамашалаған балалар төл теңгенің тарихымен тереңірек танысты. Сондай-ақ жас өрендер ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын қорғауды қамтамасыз ететін Ұлттықбанктің маңызды міндеттері туралы ақпарат алды.

Оқушылар қызықты ойындар ойнап, сұрақтарға жауап беріп, алған білімдерін бекітті. 

«Бүгін сабақта ақшаның пайда болуы мен ұлттық валюта туралы білдік. Теңгені бейнелейтін пазл құрастырдық. Сабақ өте қызықты болды», -деді 2-сынып оқушысы Әлімхан Әскерханов.