Басты бет«Аталар дәстүріне адалдық» мәдени-ағартушылық жобасының салтанатты ашылуы

«Аталар дәстүріне адалдық» мәдени-ағартушылық жобасының салтанатты ашылуы

«Аталар дәстүріне адалдық» мәдени-ағартушылық жобасының салтанатты ашылуы «Аталар дәстүріне адалдық» мәдени-ағартушылық жобасының салтанатты ашылуы «Аталар дәстүріне адалдық» мәдени-ағартушылық жобасының салтанатты ашылуы «Аталар дәстүріне адалдық» мәдени-ағартушылық жобасының салтанатты ашылуы «Аталар дәстүріне адалдық» мәдени-ағартушылық жобасының салтанатты ашылуы «Аталар дәстүріне адалдық» мәдени-ағартушылық жобасының салтанатты ашылуы «Аталар дәстүріне адалдық» мәдени-ағартушылық жобасының салтанатты ашылуы

Ақмола облысы Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасы Президенттік орталығының «Аталар дәстүріне адалдық» мәдени-ағартушылық жобасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. 
Жоба Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында, сондай-ақ Халық қаһармандары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылып, ұлттық рухани құндылықтарымыз бен мәдени мұрамызды насихаттауға, көрнекті тарихи тұлғалардың өмір жолы мысалында өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталған. 
Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова өзінің сөзінде 2024 жылы өтетін Президенттік орталықтың көшпелі іс-шаралар сериясын ашатын «Аталар дәстүріне адалдық» жобасы бүгін тұңғыш рет таныстырылып отырғанын атап өтті. Бұл үшін Тайтөбе ауылы таңдалғаны кездейсоқ емес, өйткені дәл осы жерде Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен біздің атақты отандасымыз Рахымжан Қошқарбаев туып-өскен.
Өз кезегінде Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жұмкей еліміздегі қос мереке – Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнімен құттықтады. Президенттік орталық ұжымына алғыс білдіре отырып, сәттілік тілеп, аталған  жобаның ашылуы мектеп оқушылары мен жастар үшін өте пайдалы болатынын атап өтті.
Жоба аясында Президенттік орталықтың мұрағаттық және музейлік материалдарының бай жиынтығының негізінде жан-жақты ойластырылған презентациялар мен жәдігерлердің кең ауқымын қамтитын тақырыптық көшпелі шағын көрмелер, әртүрлі жас мөлшеріндегі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектеп бағдарламасына сай тақырыптық экскурсиялар, «Жәдігерлер сыр шертеді» циклынан музейлік дәріс-сабақтар, «Әділетті Қазақстан: Адал азамат» атты семинар-тренинг өтті.
Мектеп оқушыларының назарына музей қорынан Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерліктері, батырлық институтының тарихы және қазақ жауынгерлерінің қарулануы, атыс және суық қару үлгілерінен 60-тан астам жәдігерлер түпнұсқа күйінде ұсынылды. Олардың қатарында: Қазақстан Республикасы Қарулы күштері арнайы бөлімшелерінің белгілері, Зұлпықар қылышының үлгісі, жапон, араб, индонезиялық суық қарулар, Калашников автоматының үлгісі, «Максим» пулеметі және тағы басқалар бар.     Жалпы алғанда, жоба Тайтөбе ауыл мектебінің 350-ге жуық оқушысын қамтыды.

Анықтама:
І. «Қазақ халқының жауынгерлік мұрасы. Ер қаруы - бес қару» тақырыптық экскурсиясында батырлық институтының феномені жайлы баяндалып, тарихи-мәдени ортада кәсіпқой жауынгер-батырлар табының қалыптасуы жайлы баяндайтын материалдар кешені таныстырылады. 
ІІ. «Қос шынар». Қару-жарақ әлемі» қазақ халқының батыр қыздары М. Мәметова мен Ә. Молдағұлованың ерлігі тақырыпқа арқау бола отырып, Президенттік орталықтың музей қорындағы қарулар топтамасынан іріктелген жәдігерлер арқылы қару эволюциясымен таныстырады.  
ІІІ. «Тәуелсіздіктің тұңғыш тарханы» тақырыптық экскурсиясында Ұлы отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы С. Нұрмағамбетовтің өнегелі өмір жолы, тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерінің қалыптасу тарихы тарқатылады. 
ІV. «Жеңіске жеткізгендер» тақырыптық экскурсиясына Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың үлесі,  Жеңіске жету жолында рейхстагқа ту тіккен жауынгер, Халық қаһарманы Р. Қошқарбаевтың ерлігі мен өмір жолы арқау болады.
V. «Әділетті Қазақстан: Адал азамат» атты семинар-тренинг дәрістен және практикалық сабақтардан тұрады. Мемлекет басшысының Жолдаулары мен сөйлеген сөздерінің, қабылданған бағдарламалар мен стратегиялық құжаттардың, елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси-экономикалық реформалардың  мән-мағынасын кеңінен ашуға бағытталған.
VІ. «Өнегелі өмір» атты дәріс-сабағында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың өмірбаяны, ата-анасы, Мемлекет басшысының еңбек жолы туралы баяндалады. 
VІІ. «Қазақтың музыка өнері»  дәріс-сабағында қазақ халқының ұлттық аспаптарының шығу тарихы, оның ішінде қобыз, домбыра, жетігеннің жасалу жолы және өнер майталмандарының өмір жолы мен шығармашылығы жан-жақты баяндалады.