


ҚР ПІБ Президенттік орталығында елордадағы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының оқушылары «Қазақтың музыка өнері» музейлік сабағына қатысты.
Сабақ барысында қобыз, домбыра, жетіген аспаптарын ұстап көрген жасөспірімдер ұлттық аспаптардан төгілген күйлерді тыңдады. Сондай-ақ Дәулеткерей Шығайұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова т.б. қазақтың танымал күйшілерінің өмір жолына терең бойлап, олардың «Қоңыр», «Желдірме», «Бұлбұл», «Байжұма», «Ақсақ киік» күйлерімен танысты.
Сабақ соңында 5 сынып оқушысы Фариза Жұмат «Алаш аманаты» күйін орындап берді.
«Сабақ барысында оқушыларға аспаптардың қыр-сыры, пайда болуы туралы тың ақпараттар берілді. Сондай-ақ балалар аспаптың ел аузында жүріп, атының кең жайылуына еңбегін сіңірген атақты адамдардың өмірі мен шығармашылығымен танысты. Осындай музейлік сабақтардың жас буынның бойында ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға септігі мол», – деп ойымен Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлзира Сейфуллабөлісті.