Басты бетҚР ПІБ Президенттік орталықта Қазақстандағы президенттік институтты дамыту мәселелері талқыланды

ҚР ПІБ Президенттік орталықта Қазақстандағы президенттік институтты дамыту мәселелері талқыланды

ҚР ПІБ Президенттік орталықта Қазақстандағы президенттік институтты дамыту мәселелері талқыланды ҚР ПІБ Президенттік орталықта Қазақстандағы президенттік институтты дамыту мәселелері талқыланды ҚР ПІБ Президенттік орталықта Қазақстандағы президенттік институтты дамыту мәселелері талқыланды ҚР ПІБ Президенттік орталықта Қазақстандағы президенттік институтты дамыту мәселелері талқыланды ҚР ПІБ Президенттік орталықта Қазақстандағы президенттік институтты дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстанда президенттік институтты құру күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенттік Іс басқармасының Президенттік орталығында «Президенттік институт – саяси тұрақтылық факторы және мемлекеттіліктің тірегі» атты дөңгелек үстелі өтті.

​Іс-шара президенттік институт генезисінің өзекті мәселелерін, оның құқықтық табиғаты мен мемлекеттік билік органдар жүйесіндегі орнын, трансформация үрдістері мен жұмыс істеудің негізгі нәтижелерін талқылау үшін ұйымдастырылды.

​ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат өзінің сөзінде атап өткендей Қазақстандағы президенттік институтының әрбір кезеңі нақты тарихи кезеңде ұлт алдында тұрған стратегиялық сын-қатерлерге жауап еді. Қазіргі кезең елдің саяси қайта жандануының жаңа негізін қалаған 2022 жылғы конституциялық реформамен байланысты. Президенттен өкілеттіктерді заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының пайдасына қайта бөлу арқылы орталықсыздандыру бойынша қабылданған шаралар президенттік институттың қоғамдағы орны мен рөлінің жаңа форматын анықтады. Мемлекет мықты парламенті бар президенттік республиканың үлгісіне көшті.

​ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Асқар Нұршаның айтуынша, біз суперпрезиденттік басқару формасынан алшақтап,қазіргі таңда «Президент жалдамалы менеджер ретінде» тұжырымдамасына қарай бет бұрдық. Қазақстандағы президенттік институтты зерделей отырып, сарапшылар мен ғалымдар, ең алдымен, біздің мәдени кодымызды білуі, белгілі бір саяси өзгерістерге әсер ететін дәстүр, мәдениет және тарихты ескеруі қажет.

​Өз кезегінде Парламентаризм институты директорының орынбасары Берік Бекжановтыңпайымдауынша қазіргі түбегейлі өзгерістердің басты ұмтылысы азаматтық қоғамды мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне тартуды арттыру болып табылады. Алайда, құқықтардың күшеюі жауапкершіліктің артуын де білдіреді. Осыған байланысты, әрбір лауазымды тұлға, қоғамның әрбір мүшесі елдің болашағы үшін жауапкершілікті толық өз мойнына алмай, президенттік институттың табысты дамуы мүмкін емес.

​Сондай-ақ дөнгелек үстел аясындаМемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, саясаттану ғылымдарының докторы Жапсарбай Қуанышев, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Зияда Жанатаева, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сағынтай Бердағұловтың баяндамалары тыңдалды.

 

Анықтама: Қазақстандағы президенттік биліктің тарихи тағдыры, оның шығу тегі мен одан әрі дамуы «Қазақ КСР Президенті лауазымын құру және Конституцияға (Қазақ КСР Негізгі Заңы) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ КСР Заңымен байланысты.​

Қазақ КСР Президенті лауазымының құрылуы тәуелсіз мемлекеттің саяси жүйесінің қалыптасуына шешуші әсер еткен маңызды оқиға болды, мемлекеттік биліктің сабақтастығын қамтамасыз етті.

Қазақстанда президенттік биліктің эволюциясы елдің үдемелі дамуының қозғаушы күшіне айналды. Оның әр кезеңдегі трансформациясының логикасы объективті түрде қажет болды және тәуелсіз мемлекет үшін сын-қатерлер мен қауіптерді еңсеруге мүмкіндік берді.