Басты бетАстана туралы дәріс: көне қоныстардан бастап әлем танығанға дейін

Астана туралы дәріс: көне қоныстардан бастап әлем танығанға дейін

Астана туралы дәріс: көне қоныстардан бастап әлем танығанға дейін Астана туралы дәріс: көне қоныстардан бастап әлем танығанға дейін

Астана қаласының No 22 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін «Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы» тақырыбында көшпелі дәріс өткізілді. Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының жетекші ғылыми қызметкері өткізген сабақ тыңдаушылардың Қазақстанның астанасы туралы білімдерін қалыптастыруға, елорданың тарихы мен сәулетімен танысуға және өз еліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеуге бағытталған.

Дәріс барысында балалар қаланың пайда болуы мен даму тарихына: қазіргі елордамыз бен оның айналасындағы ежелгі қоныстар мен ортағасырлық қалашықтар туралы, сондай-ақ Ақмола бекінісінің салынуы және оның округтік қала мәртебесіне ие болуы туралы қызықты фактілерге қанықты. Лектор оқушыларды ХХ ғасырдағы қаланың дамуы туралы материалдармен таныстырып, Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолағакөшірудің негізгі алғышарттары және жаңа елорданың халықаралық тұсаукесері қалай өткені туралы айтып берді.

Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушыларға Қазақстанның бас қаласының әлемге танылуы мен халықаралық имиджі туралы ақпарат берілді. Дәріс президенттік орталықтың қорларынан алынған архивтік фотосуреттер мен бейнематериалдарды көрсетумен сабақтастырылды.