Басты бетОбъектив арқылы көзқарас

Объектив арқылы көзқарас

Объектив арқылы көзқарас Объектив арқылы көзқарас Объектив арқылы көзқарас Объектив арқылы көзқарас

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының музейлік жинағындағы материалдық мәдениет заттар топтамасынан ұйымдастырылған «Объектив арқылы көзқарас» атты тақырыптық қор көрмесінің ашылуы өтті.

Көрме 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Ғылым саласы қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған. Қазақстан халқы үшін білім мен ғылымның, оқыту мен тәрбиенің орны ерекше болған. Ата-бабаларымыз білім мен ғылымға тек білім беру арқылы қол жеткізуге болатынын жақсы түсінген. Ұлы Абайдың: «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз...»,- деген жас ұрпаққа үндеуі бүгінгі таңда да өз мәнін жоғалтпаған.

      Көрменің мақсаты – фототехника мен фотосурет ісі дамуының алғашқы кезеңдерінен бастап, қазіргі таңдағы фотоөнерге дейінгі фотоиндустрия тарихын Президенттік орталықтың музейлік жинағындағы деректі және материалдық заттар мысалында көрсету болып табылды.

Көрмеде Президенттік орталық қорынан, сондай-ақ музейаралық ынтымақтастық шеңберінде Солтүстік Қазақстан облыстық музейлер бірлестігінің қорынан 53 бірегей экспонат ұсынылды. Өткен ғасырдың 30-90-шы жылдарында шығарылған 34 фотоаппарат және фотоальбомдар, фотоаппарат бөлшектері ұсынылған. Осы жәдігерлер ғылым мен техниканың дамуындағы зор жетістіктерді көрсетті.

Келушілер назарына бірегей және көне жәдігерлер тобы – «ФК», «ФКД» көлемді ағаш фотоаппараттар сериясы ұсынылған.

Көрмеге фотосуретшілер, Елшіліктердің өкілдері мен мәдени орталықтарының өкілдері, елордамыздағы №15 мектеп-лицейі, №86 мектеп-гимназияның оқушылары, Астана қаласы әкімдігінің «Технологиялық колледж» және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері қатысты. Келушілер көрме арқылы фотосурет өнерінің құпиясына қол жеткізді.

 

ҚР ПІБ Президенттік орталығының

Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің

жетекші сарапшысы

Жанат ЖҰМАХМЕТОВА