Басты бетЖоғары сынып оқушыларына әділ қоғам құрудың өзекті мәселелері туралы айтылды

Жоғары сынып оқушыларына әділ қоғам құрудың өзекті мәселелері туралы айтылды

Жоғары сынып оқушыларына әділ қоғам құрудың өзекті мәселелері туралы айтылды Жоғары сынып оқушыларына әділ қоғам құрудың өзекті мәселелері туралы айтылды Жоғары сынып оқушыларына әділ қоғам құрудың өзекті мәселелері туралы айтылды Жоғары сынып оқушыларына әділ қоғам құрудың өзекті мәселелері туралы айтылды

3-11 сәуір аралығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары мектептерінің оқушылары Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының семинар-тренинг бағдарламасы бойынша онлайн-оқытудан өтті. 

«Әділетті қоғам – Адал азамат» екі күндік семинар-тренингтері қазақстандық мемлекеттіліктің тарихын насихаттауға, ел жастарының санасын сілкінтіп, патриоттық тәрбиелеуге, сондай-ақ өскелең ұрпақтың жасампазқұндылықтарын нығайтуға бағытталған.

Танымдық әрі қызықты дәрістер менпрактикалық интерактивті тренингтер туралы пікірлерін қатысушылар қуана жолдайды.

Виолетта Вовченко – Шолақсай жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы (Наурызым ауданы, Қостанай облысы): «Семинар тақырыбы бүгінгі таңда өте өзекті. Қысқа мерзімде (бар болғаны 2 күн) мол ақпарат беріледі. Артық ештеңе жоқ, бәрі жақсы. Мұнда өз ойыңды ортаға салып, пікір алмасып, көкейдегі сұрағыңа дұрыс жауап алу мүмкіндігі қарастырылғаны қатты ұнады».

Әмина Атажанова, Тараз қаласындағы №24мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы: «Біз осы оқу бағдарламасына қатысқанымызғақуаныштымыз.  Білімімізді кеңейтіп, әділеттіліктіңтеорияларымен танысып, теңдік пен әділдіктің айырмашылығын түрлі мысалдар арқылы білдік. Біз қазіргі жастардың қасиеттерін, күшті және әлсіз жақтарын зерттеп, талқылап, немен айналысу керектігін ұғындық».

Андрей Степанюк, Покровка орта мектебінің 11 сынып оқушысы (Есіл ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы): Семинар барысында өзекті әлеуметтік, саяси және экономикалық мәселелер айтылды. Қоғамдағы ерлер мен әйелдердің теңдігі, қазіргі Қазақстанды қалыптастырудағы өскелең ұрпақтың рөлі, сайлауды демократияландыру және т. б. туралы баяндалды. Осындай іс-шараларды өткізу жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыруға ықпал етеді».