Басты бетҚР Президенттік орталығында оқушыларға арналған Халықаралық ғылыми форум өтті

ҚР Президенттік орталығында оқушыларға арналған Халықаралық ғылыми форум өтті

slide 1 of 9

ҚР Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні мен академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай оқушыларға арналған «Ғылыми білім, инновация және жастар – тұрақты даму негіздері»атты Халықаралық ғылыми форумның алғашқы күніөтті.

Іс-шараны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Qazpatent» ұлттық зияткерлік меншік институты, International Centre of Scientific Collaborations (ICSC) ҚР ПІБ Президенттік орталығымен бірлесіп балалардың ғылыми шығармашылығын көтермелеу және қазақстандық оқушыларды халықаралық ғылыми қоғамдастыққа кеңінен тарту мақсатында ұйымдастырды.

Форум жұмысына Қытай, Пәкістан, Тунис, Индонезиядан келген ғылымды дәріптеушілер, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан оқушылары мен мұғалімдер қатысты.

«Ғылым мен білім біздің қоғамның дамуында шешуші рөл атқарады. Сіздің осы форумға қатысуыңыз – әлемді білім мен инновацияқалыптастыратын болашақты құрудағы қадам. Осында отырған оқушылар еліміздің болашағы және сіздің проблемаларды шешуге деген қызығушылығыңыз, ынта – жігеріңіз және шығармашылығыңыз ғылым мен білім беруде жаңа биіктерге жету үшін қажет негізгі қасиеттер болып табылады», - атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

BRISEC Президенті, Қытай Ғылым академиясының академигі, профессор Хянг Пинг Вухалықаралық ынтымақтастық ғылыми әлеуетті дамыту үшін негіз болып табылатынын, сондай-ақ ғылыми білім кедергілерді бұзатын және жаһандық қауымдастықты ағартатын әлем құру қажет екенін атап өтті.

«Ғылыми форум өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін шоғырландыру және олардың ғылымға деген адалдығын көтермелеу үшін коммуникативтік алаң болып табылады. Мектеп оқушыларына арналған ғылыми форумның мақсаты – ғылым, инновация және өнертабыстың әртүрлі салаларындағы мәселелерді шешуге бағытталған жасөспірімдердің ғылыми жобаларын көрсету. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен алғаш рет 700-ден астам оқушы, сондай-ақ Қырғызстан, АҚШ, Индонезия, Өзбекстан оқушылары қатысады. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де осы форумның өсіп келе жатқан танымалдылығын айғақтайды», - деді ICSC Президенті Ләззат Құсайынова. 

Бұл шараның ерекшелігі – форум спикерлері шетелде халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары атанған балалардың өздері, сондай-ақ ғылыми әзірлемелері патенттеу немесе авторлық құқықты тіркеу сатысында тұрған жасөспірімдер болды.

Іс-шара соңында Президенттік орталықтың музейі бойынша экскурсия ұйымдастырылды, онда форумға қатысушылар президенттік институтты дамыту призмасы арқылы Қазақстанның мемлекеттілігінің қалыптасу тарихымен егжей-тегжейлі танысты.

Атап өткен жөн, Президенттік орталықтың жастардың азаматтық санасын қалыптастыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың жасампаз құндылықтарын нығайтуға бағытталған мәдени-білім беру қызметі ұйым басымдықтардың бірі болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың басынан бастап ҚР ПІБ Президенттік орталығы Қазақстанның орта оқу орындарының 600-ден астам оқушысын қамти отырып, 20-ға жуық түрлі мәдени-білім беру іс-шараларын өткізді.

 

Анықтама: Оқушыларға арналған алғашқы ғылыми форум 2023 жылдың сәуір айында Астана қаласында өтті.

2019 жылдан бастап Қазақстандық оқушылар International Centre of Scientific Collaborations жұмысының арқасында халықаралық конкурстарға белсенді қатысып, алтын, күміс және қола жүлдегерлер атанды. 2023 жылы Қазақстаннан келген оқушылар 7 алтын медаль (Индонезия), бір күміс медаль (Қытай) және үш қола медаль (Қытай, Индонезия) жеңіп алды.

Осы жылдың қаңтар айында Көкшетау қаласынан келген оқушы Аружан Жәнібек Сеулде өткен халықаралық байқауда (ICPC, Оңтүстік Корея) бірінші орын және алтын медаль алды, ал биылғы наурызда Әдия Құттығалиева бірінші алтын медаль, Томирис Бақытжан және Айша Ерден - Тунисте екі қола медаль (I - FEST) жеңіп алды.