



Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында өткен «Қазақтың музыка өнері» тақырыбындағы музейлік сабаққа елордадағы Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.
Жасөспірімдер музейдің интерактивті залында орналасқан қобыз, домбыра, жетіген ұлттықаспаптарын ұстап көріп, олардың жасалу жолдарымен тереңірек танысты.
Сабақ барысында қатысушылар қобыз аспабының түрлері, күй атасы Қорқыттың шығармалары мен нақыл сөздері туралы мол мағлұмат алды. Сондай-ақ әнші Димаш Құдайберген мен күйші Айбек Бекбосын орындаған «Адай», «Сарыжайлау» күйлерін экраннан тамашалау арқылы домбырамен ойналатын төкпе және шертпе күйлерінің ерекшелігін білді.
Сабақ соңында қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, оқушы қыз домбырамен күй тартып, өз өнерін ортаға алды.