Басты бетҚР Президенттік орталығында танымал суретші Сағынтай Әлімбетовтің «Адам. Табиғат. Уақыт» атты кө...

ҚР Президенттік орталығында танымал суретші Сағынтай Әлімбетовтің «Адам. Табиғат. Уақыт» атты көрмесі өтті

ҚР Президенттік орталығында танымал суретші  Сағынтай Әлімбетовтің «Адам. Табиғат. Уақыт» атты көрмесі өтті ҚР Президенттік орталығында танымал суретші  Сағынтай Әлімбетовтің «Адам. Табиғат. Уақыт» атты көрмесі өтті ҚР Президенттік орталығында танымал суретші  Сағынтай Әлімбетовтің «Адам. Табиғат. Уақыт» атты көрмесі өтті ҚР Президенттік орталығында танымал суретші  Сағынтай Әлімбетовтің «Адам. Табиғат. Уақыт» атты көрмесі өтті ҚР Президенттік орталығында танымал суретші  Сағынтай Әлімбетовтің «Адам. Табиғат. Уақыт» атты көрмесі өтті ҚР Президенттік орталығында танымал суретші  Сағынтай Әлімбетовтің «Адам. Табиғат. Уақыт» атты көрмесі өтті ҚР Президенттік орталығында танымал суретші  Сағынтай Әлімбетовтің «Адам. Табиғат. Уақыт» атты көрмесі өтті ҚР Президенттік орталығында танымал суретші  Сағынтай Әлімбетовтің «Адам. Табиғат. Уақыт» атты көрмесі өтті ҚР Президенттік орталығында танымал суретші  Сағынтай Әлімбетовтің «Адам. Табиғат. Уақыт» атты көрмесі өтті ҚР Президенттік орталығында танымал суретші  Сағынтай Әлімбетовтің «Адам. Табиғат. Уақыт» атты көрмесі өтті ҚР Президенттік орталығында танымал суретші  Сағынтай Әлімбетовтің «Адам. Табиғат. Уақыт» атты көрмесі өтті ҚР Президенттік орталығында танымал суретші  Сағынтай Әлімбетовтің «Адам. Табиғат. Уақыт» атты көрмесі өтті

2024 жылғы 28 наурызда ҚР Президенттік орталығында белгілі суретші, КСРО және Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі «Сағынтай Әлімбетовтің «Адам. Табиғат. Уақыт» атты еске алу көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Автордың 60-қа жуық картиналары ұсынылған көрме Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының бастауымен «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат өзінің кіріспе сөзінде: «Сағынтай Әлімбетовты кескіндеме философы дейді. Бұл бекер айтылған сөз емес, өйткені оның жұмысында шындық пен мифтер, өткен мен бүгін бір-бірімен үйлеседі, көрермендерді мәңгілік құндылықтар призмасы арқылы айналамыздағы болмысты ойлауға және биікті көруге шабыт береді. Суретшінің туған халқының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне қатысты философиялық толғаулары оның шығармаларының айшықты желісінде көрініс тапқан. Суретшінің шығармашылық таланты мен философиялық ұшқыр ойлауының арқасында дәстүрлі сюжеттер, көркем бейнелер мен идеяларды бейнелеген, онда әрбір көрермен өзімен үйлесетін тақырыптар мен мотивтерді таба алады. Автор қазақтың белгілі суретшісі Әбілхан Қастеевтің мұрасын жалғастырып, қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған санаулы суретшілердің бірі, С.Әлімбетов артына мол шығармашылық мұра ғана емес, оның жолын қуған талай шәкірттер тәрбиелеп шығарды».

«Сағынтай Әлімбетов өте дарынды суретші, үлкен өнер иесі еді. Оның шығармалары адам, табиғат және уақыт үндестігінің үйлесімі мен көшпелілер дәстүрі мен қоршаған ортаның тығыз байланысын көрсетеді», - дейді Қазақстан Суретшілер одағының және Журналистер одағының мүшесі Мария Жұмағұлова.

Суретші өзінің жұмыстарында әртүрлі тақырыптар мен оқиғалар желісін негізге алғанын атап өткен жөн. Терең мағыналы мәнімен, ежелгі және жаңа тарихи тұлғалардың ойларын айқын көрсетеді. «Ана мен бала» картиналар сериясы жан дүниенің ішкі сыры мен сезім тыныштығын бейнелейді.Тағы бір серия автордың туған жерінің дәмі - бақшасы мен күріш алқабына арналған.

Сонымен қатар, С.Әлімбетов Дала Пайғамбары Мөңке бидің, батырлар Есет Көтібарұлы мен Тілеу Айтұлының, әйгілі тары өсіруші Шығанақ Берсиевтің, мерген Әлия Молдағұлованың портреттерін жасап, тарихи тұлғалардың мінезінің тереңдігін жеткізетін, ой-толғамдарын бейнелеген.

Қорқыт ата, Құрманғазы, Дина Нұрпейісова Тәттімбет, Қазанғап, Дәулеткерей, Ахмет және Ғазиза Жұбанов сынды қазақтың ұлы композиторларының бейнелеріне жеке серия арналған. Осындай алуан түрлі тұлғалардың бейнесін шығарудағы автордың ұлттық тарих, мәдениет пен өнер салаларындағы терең білімінің айқын бір дәлелі.

Суретшінің картиналармен қатар графикалық, мүсіндік туындылары, Шым шидің (ежелгі қолданбалы өнер) сынды күрделі композициялары бар.

С.Әлімбетовтің картиналары еліміздің түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде қойылған, сонымен қатар Қазақстан, АҚШ, Франция, Австрия, Түркия және Голландиядағы жеке коллекцияларында сақтаулы.

 

            Анықтама үшін: Сағынтай Әлімбетов (1953-2018) Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Қызыл Жұлдыз» кеңшарында дүниеге келген, балалық шағы Шиеліде өткен. Атасы сияқты Сағынтай да ұста болу керек еді. Ұстахана баланы қызықтыратын, кейінірек кенеп беті оның картиналарының кейіпкеріне айналды (мысалы, «Ұсталық рухы»), ол бала кезінен суретші бала деген лақап атты иемденіп, мамандық таңдауы белгілі болды.

1977 жылы Алматы қаласындағы өнер училищесін бітіріп, 1977-1984 жылдар аралығында Ақтөбе қаласында мәдени ағарту училищесінде сурет пен композициядан дәріс беріп, көптеген дарынды шәкірттерді тәрбиелеп шығарды.1987 жылы КСРО Суретшілер одағының мүшесі болып, Суретшілер одағының Ақтөбе облыстық ұйымы басқармасының төрағасы қызметін атқарды. 1998 жылы - Ақтөбе қаласының Елтаңбасы мен Туының авторы, кейінен «Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының дипломымен марапатталып, «Ең жақсы адамдар» энциклопедиясына енді, сонымен қатар Ганновердегі (Германия) «Әлем халықтарының өнері» халықаралық қауымдастығының лауреаты болды.