
Астана қаласындағы Құрылыс-техникалық колледжінің студенттеріне арналған Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының «Қазақстандағы ислам: тарихы, мәселелері,келешегі» атты көшпелі дәріс ислам дінінің елаумағында пайда болуы мен таралу тарихына арналды.
Сабақ барысында дәріскер қазақ халқының төл руханияты мен мәдениетін қалыптастырудың қайнар көздерінің бірі саналатын ислам рөлін атап өтті. Нақты мысалдар аталған мәселенің ғылыми-теориялық және практикалық маңыздылығын көрсетеді.
Сондай-ақ бұқаралық мәдениеттің жаһандануы жағдайында діни ережелер мен нормаларды сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Қазақстанда діни экстремизмнің пайда болу проблемаларына, деструктивті идеологиялардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігіне, діни экстремизмге қарсы күрес бойынша заңнамалық нормаларға және т. б. баса назар аударылды.