Басты бетПрезиденттік орталығында «Жүрегім, тірегім - Қазақстан!» көрмесі ашылды

Президенттік орталығында «Жүрегім, тірегім - Қазақстан!» көрмесі ашылды

Президенттік орталығында  «Жүрегім, тірегім - Қазақстан!» көрмесі ашылды Президенттік орталығында  «Жүрегім, тірегім - Қазақстан!» көрмесі ашылды Президенттік орталығында  «Жүрегім, тірегім - Қазақстан!» көрмесі ашылды Президенттік орталығында  «Жүрегім, тірегім - Қазақстан!» көрмесі ашылды Президенттік орталығында  «Жүрегім, тірегім - Қазақстан!» көрмесі ашылды Президенттік орталығында  «Жүрегім, тірегім - Қазақстан!» көрмесі ашылды Президенттік орталығында  «Жүрегім, тірегім - Қазақстан!» көрмесі ашылды Президенттік орталығында  «Жүрегім, тірегім - Қазақстан!» көрмесі ашылды Президенттік орталығында  «Жүрегім, тірегім - Қазақстан!» көрмесі ашылды Президенттік орталығында  «Жүрегім, тірегім - Қазақстан!» көрмесі ашылды Президенттік орталығында  «Жүрегім, тірегім - Қазақстан!» көрмесі ашылды Президенттік орталығында  «Жүрегім, тірегім - Қазақстан!» көрмесі ашылды Президенттік орталығында  «Жүрегім, тірегім - Қазақстан!» көрмесі ашылды Президенттік орталығында  «Жүрегім, тірегім - Қазақстан!» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Ғазиза Жұбанова атындағы Балалар өнер мектебі (Қарағанды облысы, Теміртау қаласы) жас суретшілерінің дипломдық жұмыстарының «Жүрегім, тірегім - Қазақстан!» атты көрмесі ашылды. 
Көрме балалар шығармашылығын қолдауға және дамытуға бағытталған «Балалық шақтан көзқарас» жобасы аясында ұйымдастырылды және көктемгі Наурыз мерекесіне арналған.
ҚР ПІБ Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат өзінің сөзінде жас қылқалам шеберлерінің туындылары жоғары көркемдік деңгейде орындалғанын атап өтті. Олар өздерінің жарқын түстерімен, ерекше сюжеттерімен және презентациясымен көрермендерді өміршеңдігімен және оптимизммен қуаттайды.
Астана қаласындағы ЮНЕСКО балалар көркемсурет мектебі-клубының директоры Гүлзия Исенова «Балалық шақтан көзқарас» жобасы 10 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқанын айтты. Осы уақыт ішінде оған Қазақстанның барлық өңірлерінен мыңдаған жас суретшілер қатысты.
Өз кезегінде Ғ.Жұбанова атындағы Балалар өнер мектебінің директоры Инна Тихомирова республикамыздың шағын қалаларынан келген тәрбиеленушілер мен педагогтар үшін өз шығармашылығын елорданың қақ ортасында көпшілікке көрсете алу мүмкіндігі қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
Көрме аясында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына 50-ден астам жұмыс ұсынылады. Олардың орындау техникасы да, жанрлары да әртүрлі. Олар портреттер, натюрморттар, пейзаждар, ленталармен кестелеу, коллаж және тағы басқалар. Шығармашылық арқылы балалар қоршаған әлемге деген көзқарастарын, сезімдері мен ой-толғаныстарын, туған өлкенің тарихына, дәстүрлеріне деген сүйіспеншілігін көрсетуге тырысқан. Оқиға желісі мен композиция тәжірибелі мұғалімдермен бірге мұқият пысықталды.
Іс-шара барысында Балалар өнер мектебінің қосымша білім беру педагогы балаларға арналған «Қазақстан суретшілерінің шығармаларындағы анималистік жанр» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Сонымен қатар, көрменің ашылуында «Алатау» домбырашылар ансамблі және теміртаулық Балалар өнер мектебі музыкалық бөлімінің «Акварель» хореографиялық ансамблі өнер көрсетті. 

Анықтама: Теміртау қаласындағы Ғазиза Жұбанова атындағы Балалар өнер мектебінің көркемсурет бөлімі 1995 жылы құрылған. Бүгінгі таңда мұнда 13 оқытушы еңбек етуде және 395 оқушы оқиды. Өнер мектебі көптеген таланттарға жол ашты. Алған білімдерінің арқасында мектеп түлектері тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар Ресей, Армения, Франция, Чехияның жоғары оқу орындарында оқиды.
Балалар өнер мектебінің оқытушылары мен оқушылары жыл сайын облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі іс-шаралар мен көрмелерге қатысады. Көркемсурет бөлімінің мұғалімдері мен тәрбиеленушілерінің шығармашылық жұмыстары бірнеше рет Францияның Тройс қаласындағы  «Қозғалыс», Ресейдің Мәскеу қаласындағы «Дерзай-твори» сияқты және тағы басқа көптеген байқаулардың жеңімпаздары болды.