





Бүгін ҚР ПІБ Президенттік орталығында алғаш рет Көрісу күні - Амал мерекесіне орайластырылған «Наурыз. Таным. Тарих» атты интерактивті экскурсиясы өтті.
Бұл интерактивті экскурсияның бағыты Наурыз мерекесі, оның ежелгі және қазіргі дәстүрлері туралы қызықты баяндауды көздеді.
Музейдің экспозициялық залдары Қазақстанның негізгі аймақтарына бөлінді және экскурсанттарға пазлдар - карта фрагменттері табысталды, олардан қорытынды бөлігінде қатысушалар еліміздің картасын жасау қажет еді.
Экскурсанттар Көрісу күні, Амал мерекесінің тарихы; дала демократиясының ерекшеліктері және оның құрылтай секілді іргелі органы туралы білді; Наурыз мейрамының ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы ретінде; Орталық Азия мемлекеттерінде Наурыз мейрамын тойлау дәстүрлері туралы ақпарат алды.
Қазақстанда 1926-1988 жылдар аралығында Наурыздың жалпыхалықтық және ауқымды түрде тойланбауы бүгінгі жастарымыз үшін таңқаларлық ақпарат болды. Дегенмен, 60 жылдан астам уақыт бойы Наурызға «өткеннің қалдығы» ретінде тыйым салынды.
Келушілерге Түркістан республикасы атқарушы комитетінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың қолы қойылған 1920 жылғы 26 наурыздағы «Наурызды мерекелеу туралы» бұйрығы; 1988 жылы Ө. Жәнібековтің қолдауымен қайта жанданған Наурызды мерекелеу кадрлары; Қазақ КСР Президенті Н.Назарбаевтың 1991 жылғы 15 наурыздағы «Наурыз мейрамы» – көктемнің халықтық мерекесі туралы» Жарлығы; тайқазанның Қазақстанға оралуы және т.б. бірегей дәстүрлі және фото құжаттар көрсетілді.
Соңында жігіттер асық ойынының 2 түрін игеріп, қыздар қазақ ою-өрнегінің элементтері бар шағын кәдесыйлар жасады.
Басты ерекшелігі – экскурсия 4 тілде жүргізілді: қазақ, орыс, ағылшын және қытай. Интерактивті экскурсияның алғашқы қатысушылары Қазақстан халықаралық лингвистикалық колледжінің студенттері болды. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде экскурсоводтармен пікір алмасып, қытай тілін меңгеру мақсатын қойған.