





Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Адал азамат – адал еңбек» атты кезекті ашық пікірталас алаңында елордадағы №№ 24, 86, 76 және 72 мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында пікірсайыс өтті.
Екі команда президентті бір мерзімге сайлауды жақтап дәлелдер келтірді, сәйкесінше бәсекелес спикерлер оған қарсы болды.
Астана университетінің студенттерінен құралған қазылар алқасының мүшелері өз ұстанымдарының дәйектілігі мен дәлелділігін, нақтылығы мен мәнерлілігін, белсенділігі мен пікірталас мәдениетін ұстанғандығын бағалап, ең мықты – «Жастар Парламенті» командасын анықтады. Осылайша, Жүсіпбек Аймауытов атындағы N24 орта мектептің оқушылары келесі кезеңге өтті.
Барлық қатысушылар сертификаттар алды.