



Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері елордадағы №3 гимназияның бастауыш сынып оқушыларына «Теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы» атты көшпелі музей сабағын өткізді.
Сабақ барысында балалар жалпы ақшаның және оның ішінде қазақ теңгесінің пайда болу тарихымен танысып, ұлттық валюта туралы қызықты мәліметтерді білді.
«Теңге – мемлекетіміздің рәміздерінің бірі, тәуелсіздігінің бір критерийі. Болашақ ұлттық валютаның атауын алғаш академик Сауық Тәкежанов ұсынған болатын. Ұсынылған нұсқалардан: ақша, сом, алтын, тур, «теңге» атауына тоқтау туралы шешім қабылданды. Теңгенің тарихы Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы Жарлығынан басталды. Ал 15 қарашада Қазақстанда жыл сайын Ұлттық валюта күні атап өтіледі», - деді Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының оқытушысы.
Оқушылар алған білімдерін қызықты тапсырмалар мен ойындар арқылы бекітті.