Басты бетБалдырғандар музей әлемімен танысты

Балдырғандар музей әлемімен танысты

Балдырғандар музей әлемімен танысты Балдырғандар музей әлемімен танысты Балдырғандар музей әлемімен танысты Балдырғандар музей әлемімен танысты

Астана қаласындағы № 53 «Мерей» балабақшасының «Әдемі-ай» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері өткізген музей сабағына қатысты.

Бұл сабақтар Президенттік орталығының тәрбиелік, білім беру қызметін жүзеге асыру үшін музей жинағы негізінде «Атамекен» ғылыми-білім беру жобасы аясында өткізілуде. Жобаның мақсаты – мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың өз жеріне, туған мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін қалыптастыру, сондай-ақ коммуникативті, зерттеушілік дағдыларын, дербес ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.  

Сабақ барысында балалар Президенттік орталық музейінің қызметімен танысып, кейбір жәдігерлерді ұстап көріп, әліпбиге қатысты білімдерін бекітіп, жаңа сөздермен сөздік қорларын байытты.

«Бұл өте қызықты интеграцияланған сабақ болды. Онда оқытудың әртүрлі формалары мен әдістері қолданылды. Балалар жұмбақтарды шешіп, сұрақтарға белсенді жауап беріп, жәдігерлерді зерттеп, дидактикалық ойындарға үлкен қызығушылықпен қатысты», – деп атап өтті топ тәрбиешісі Айнаш Сәдуақасова.