








Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Ісбасқармасының Президенттік орталығында «Үлкенрегата» мектепаралық музей жобасыныңжеңімпаздарын марапаттау рәсімімен аяқталғанфиналдық ойын өтті.
Жобаның басты мақсаты – Астана қаласыныңбірыңғай мәдени-білім беру кеңістігінеинтеграциялау арқылы Қазақстан РеспубликасыПрезиденттік орталығының музей жинағыннасихаттау.
Өткен жылдың қараша айында басталған«Үлкен регата» елордалық мектептердің 7-8 сыныпоқушылары үшін ұйымдастырылып, екі кезеңменөтті. Бірінші кезең бағдарламасы Астанадағы 5 мектеп жанындағы музейлеріне арнайы әзірленген«Арнайы қойма», «Мәдениеттер калейдоскопы», «Естелік, ерлік және даңқ» бағыттар бойыншабаруды қамтыды. Осы музей нысандарына(«аралдарға») барған кезде экипаждар ондаұсынылған материалдармен танысып, түрлітапсырмаларды орындады.
Саяхат-ойынның арқасында елордалық 9 орта білім беру мекемесінен 50-ден астам оқушы туған өлкесі, қазақстандық қоғамның даму тарихына елеулі үлес қосқан атақты адамдардың өмірі мен қызметі туралы білім алуға бірегей мүмкіндік алды.
Финалға шыққан «Алаш Орда» (№54 лицей-мектебі), «Изумруд» (№60 лицей-мектебі), «Айсберг» (№85 лицей-мектебі) және «Одиссей» (№28 лицей-мектебі) командаларының экипаждары «Архипелагтың» өзінде, яғни ҚР Президенттік орталықтың музейінде жеңімпаз атағына таласты.
«Құрметті қатысушылар, сіздердің әрқайсыларыңыздың осы күнді асыға күткендеріңізді білемін. Президенттік орталықтың ойынға қатысатын барлық музей нысандарын -«аралдарын» біріктірген «Архипелаг» рөлін сомдауы біз үшін үлкен мәртебе. Бүгінгі регата барлығымызды біріктіріп, ашылуларға деген үлкен құштарлығын, мектеп музейлерінде ұқыпты сақталған құнды мәдени мұрамен танысуға, өз күштерін сынап көруге және «Архипелагта» жинақталған тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы жайлы материалдарды оқып үйренуге деген ұмтылысын көрсетті, - деді өз сөзінде ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасарыСерік Сыдықов.
Соңғы ойынның қорытындысы бойынша барлық тапсырмаларды орындаған, «Архипелагтың» құпия жерін бірінші болып тауып, онда табылған жұмбақ экспонат-символға дұрыс түсінік берген экипаж жеңімпаз болып танылды. Бұл жеңімпаз, Гран-при иегері – «Одиссей»командасы.
Қалған жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – «Айсберг» командасы;
2 орын – «Изумруд» командасы;
3 орын – «Алаш орда» командасы.
Марапаттау рәсімі барысында «Үлкен регата»жеңімпаздарына дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді, үздік мұражайлар мен олардың сақтаушылары Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының сертификаттарымен және грамоталарымен марапатталды.