







Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында «Адал азамат – адал еңбек» атты ашық пікірталас алаңы өз жұмысын бастады, оның мақсаты – қоғамның мәселелерін талдау әрі талқылау арқылы әлеуметтік және азаматтық белсенділікті арттыру, қатысушылардың құқықтық мәдениеті мен саяси санасын қалыптастыру.
Британдық парламенттік форматында өткен пікірсайыстың алғашқы іріктеу кезеңіне Астана қаласының №№ 53, 65, 83, 96 орта мектептерінің 9-10 сынып оқушылары қатысты. Қос команданың спикерлері қазіргі қоғамдағы «еңбек» ұғымының құнсыздануы туралы мәлімдемені жақтаса, ал қалған екеуінің қатысушылары бұл көзқарасты жоққа шығарды.
Іс-шарада Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының орынбасары Серік Сыдықов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы «Қазақстан әлеуметтік даму институты» АҚ өкілі Еркебұлан Қуанбай және Астана қаласындағы Ілияс Есенберлин атындағы №67 мектеп-гимназиясының оқытушысы Амангелді Боданов төрелік етті.
Пікірсайыс қорытындысы бойынша келесі кезеңге №96 мектеп-гимназиясының командасы өтті. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.