Басты бетПрезиденттік орталықта қазақ халқының музыкалық мәдениетімен танысу

Президенттік орталықта қазақ халқының музыкалық мәдениетімен танысу

slide 1 of 2

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназияның оқушыларына «Қазақтың музыка өнері» тақырыбына арналған музей сабағы өтті.

 Жеткіншектерге музейдің интерактивтік залда қобыз, домбыра, жетіген аспаптарының шығу тарихымен танысты. Сондай-ақ олар қобыздың атасы атанған Қорқыттың күйлері мен нақыл сөздеріне терең бойлады.

Сабақ барысында оқушылар басқа да өнер майталмандарының өмір жолы мен шығармашылығы жайлы біліп, ұлттық аспаптардың ерекшелігі туралы мол мағлұмат алды.