Басты бетКонкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы»

 

010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,

Анықтама телефоны: 8(7172)693085, e-mail: kense@plibrary.kz

Әкімшілік қызметінің басшысы

Функционалдық міндеттері:

өзіне жүктелген міндеттердің уақтылы және толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету; қызмет қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртібін сақтау және бақылау; Президенттік орталық қызметінің ішкі тәртібі шеңберінде басшылықтың талаптарын, нұсқаулықтарын, бұйрықтарын, регламенттерін және өзге де актілерін орындау; Қызметтің жұмысын ұйымдастыру, Қызметке жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету, Президенттік орталық басшылығының актілері мен тапсырмаларын уақтылы және толыққанды орындау; Қызметтің жұмысына талдау жүргізу, оның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау; Президенттік орталықтың басшылығына Қызмет қызметкерлерін лауазымға тағайындау және қызметтен босату, оларды көтермелеу және жазалау туралы ұсыныстар енгізу; белгіленген тәртіппен жүргізілетін тексерулердің нәтижелері туралы баяндау; барлық заң нормаларының заңдылығы мен сақталуына құжаттарға заң сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру; Президенттік орталық қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және оның құқықтық мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асыру; зияткерлік меншік нысандарын қорғауды қамтамасыз ету; Президенттік орталық қызметін кадрлық, заңдық, құжаттамалық және көлікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру; Қызметте іс жүргізудің тиісінше жүргізілуін бақылау; өз құзыреті шегінде мемлекеттік, қызметтік құпияны құрайтын ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды сақтау; сақтаудағы құжаттарды іріктеу бойынша немесе акті бойынша жоюға бөлінген құжаттарды Президент Архивіне тапсыру бойынша Сараптау комиссиясының жұмысын бақылау; Президенттік орталықтың жиынтық істер номенклатурасын әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру; Президенттік орталықтың аттестаттау комиссиясының жұмысына қатысу; Президенттік орталықтың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіру; материалдық құндылықтарды қабылдау, есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыру; кеңсенің жұмысын ұйымдастыру, іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және оларды енгізу; құжаттардың орындалу мерзімін, олардың дұрыс ресімделуін бақылау; тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық нұсқаулыққа сәйкестігін тексеру, Жоспарлау, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу қызметіне ұсынылған өтінімдер негізінде жасалған шарттардың талаптарына сәйкес мерзімдерде мемлекеттік сатып алу туралы шартты (көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар, жеткізілген тауарлар, шот-фактуралар актілері) орындау жөніндегі құжаттарға қол қою; бюджетті қалыптастыру бойынша Жоспарлау, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу қызметіне ақпаратты уақытылы беруді жүзеге асыру; қызметкерлердің өтілін есептеу жөніндегі комиссияның мүшесі болып айқындалған кезде комиссияның жұмысына қатысу және өтілін дұрыс есептегені үшін жауапкершілік таныту;  ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай саясатты бақылау; ұйымның құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздіктің сыртқы аудитін ұйымдастыруды бақылау; ұйымның цифрландыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігінің жай-күйін бақылау; мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының дайындалуын және бекітілуін бақылау, мемлекеттік сатып алу туралы заңда белгіленген мерзімге сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында жоспарды орналастыру; өнім берушілердің өтінімді қамтамасыз етуді және шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі бойынша уақтылы және толық бақылау; Президенттік орталық басшылығының, Қызмет жұмысын үйлестіретін Президенттік орталық директорының орынбасарының өзге де тапсырмаларын орындау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:                                                                                               

Қызмет басшысы лауазымына жоғары құқықтық білімі және 5 жылдан кем емес басшылық лауазымдық еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.

Қызмет басшысы: Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және Президенттік орталықтың қызметін регламенттейтін әдістемелік материалдарды, қызметкерлерді басқару жөніндегі әдістемелік материалдарды, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын, Президенттік орталықтың құрылымының бейінін, мамандануы мен ерекшеліктерін, мекеменің кадр саясаты мен стратегиясын, болжамдар жасау, кадрларға перспективалық және ағымдағы қажеттілікті айқындау тәртібін, мекемені кадрлармен қамтамасыз ету көздерін, еңбек нарығының жай-күйін, қызметкерлерді бағалау жүйелері мен әдістерін, кадрлардың кәсіби-біліктілік құрылымын талдау әдістерін, кадрлармен және олардың қозғалысымен байланысты құжаттаманы ресімдеу, жүргізу және сақтау тәртібін, заңнаманың азаматтық, еңбек және өзге де салаларын, азаматтық іс жүргізу құқығын, әкімшілік ету негіздерін, іскерлік қарым-қатынас этикасын, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыруды, еңбек заңнамасын, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар және басқа да басшылық ететін іс жүргізуді ұйымдастыруға қатысты жоғары тұрған және басқа органдардың нормативтік құжаттарын  білу керек. Сонымен қатар: Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 10/282 Регламенті; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы№ 09/245 азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі; Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарамсының «Қазақстан Республикасы Президентінің орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі Ережесі; «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының персоналды басқарудың 2022 жылғы 30 наурыздағы № 10/73 2022-2024 жылдарға арналған

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш),

2) Анықтама-объектив;

 

3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.