«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы»
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,
Анықтама телефоны: 8(7172)693085, e-mail: kense@plibrary.kz
Әкімшілік қызметтің аға сарапшысы (кадр іс жүргізу және құжат айналымы) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы бойынша кезеңіне).
Функционалдық міндеттері:
өзіне жүктелген міндеттердің уақтылы және толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету; еңбек және орындаушылық тәртібін сақтау; қызметінің ішкі тәртібі шеңберінде басшылықтың талаптарын, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, регламенттер мен өзге де актілер талаптарын орындау; кадрларға ағымдағы қажеттілікті айқындау, кадрлардың айналымын талдау, мүдделі бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп, қызметкерлерді іріктеу, штат кестесін әзірлеу; қызметкерлерінің жеке құрамын есепке алуды жүргізу, жеке істерді ресімдеу, қызметкердің талабы бойынша анықтамалар мен құжаттардың көшірмелерін дайындау және беру; еңбек тәртібінің жай-күйін талдау және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі ережелерін, кадрлар қозғалысын орындауы, өтімділікті төмендету және еңбек тәртібін жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу; қызметтік іссапарларды құжаттамалық ресімдеу; еңбек демалыстарының кестесін жасау және демалыстарды пайдалануды есепке алу, сондай-ақ еңбек демалыстары кестесіне сәйкес демалыстарды ресімдеу; Президенттік орталығыда жұмыс істейтін әскери міндеттілердің есебін жүргізу; қызметкерлерді көтермелеуге ұсыну үшін материалдар дайындау; қызметкерлерді материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде материалдар дайындау; басшы лауазымдарға ұсыну үшін кадр резервін қалыптастыру, қызметкерлерді дамыту жоспарларын жасау; қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарларын жасау; Президенттік орталығыда табельдік есепке алуды ұйымдастыру және қызметтің табельдік есебін жүргізу; қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды уақтылы ресімдеуді жүзеге асыру, олардың қазіргі және бұрынғы еңбек қызметі туралы анықтамалар беру; еңбек кітапшалары мен өзге де құжаттарды сақтау және толтыру ережелерін сақтау, кадрлар бойынша басқа белгіленген құжаттаманы ресімдеу; Президенттік орталығы басшылығының жеке құрам бойынша бұйрықтары мен өкімдерін ресімдеу, шығару, есепке алу; еңбек нарығын зерделеу негізінде кадрлардың ағымдағы және перспективалық қажеттілігін айқындау, болжамдарды сараптау және әзірлеу; заңнамаға сәйкес сараптамасын жүзеге асыру және жеке құрам бойынша бұйрықтардың, лауазымдық нұсқаулықтардың, Президенттік орталығының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелердің, еңбек шарттарының, оларға қосымша келісімнің жобаларын келісу; Президенттік орталығы қызметкерлерінің жеке құрамын есепке алуды жүргізу, жеке істерді ресімдеу, қызметкердің талабы бойынша анықтамалар мен құжаттардың көшірмелерін дайындау және беру; Президенттік орталығыда ұжымдық шарттарды, келісімдерді дайындауға және жасауға, еңбек тәртібін нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
жұмыскерлердің еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның жұмысына қатысу, оны дұрыс есептеу үшін жауапкершілік; Президенттік орталығыда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылау; Президенттік орталығы басшылығының, Қызмет басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қызметтің аға сарапшысы лауазымына мамандығына сәйкес жоғары (ЖОО-дан кейінгі) білімі және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
Қызметтің аға сарапшысы: Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, оның бөлімшелері арасындағы өндірістік және функционалдық байланыстар, ұйымның кадрлық жұмысы жөніндегі әдістемелік және басқа да материалдарды, іс жүргізу жүйесінің негізгі ережелерін, ұйымның және оның бөлімшелерінің құрылымы, ұйымдық-өкімдік құжаттаманың бірыңғай жүйесінің стандарттарын, қызметтік құжаттар мен материалдардың өтуін бақылау тәртібін, еңбекті ұйымдастыру негіздерін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын білу керек.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш),
2) Анықтама-объектив;
3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.