Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Жақында ғана біз еліміздің тарихи күнтізбесінің басты мерекесін Республика күнін атап өттік. Қазақстан мен қазақстандықтар үшін бұл күннің орны ерекше екені айтпаса да, түсінікті. Өйткені 1990 жылы 25 қазанда еліміздің Егемендігі жайлы декларация жарияланып, тәуелсіз ел атану үшін берік іргетас қаланды. Соны негізге ала отырып, бір жылдан кейін, яғни 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданып, азаттыққа толыққанды қол жеткіздік.
Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, ал оны қорғау һәм қастерлеу – Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың парызы.
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы
Президенттік орталығының
директоры