Басты бетЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойынының финалы мен марапаттау рәсімі өтті.

Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс-шараны Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы директорының орынбасары Серік Сыдықов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жыл басынан бері интеллектуалдық ойынға елордалық мектептерден 21 команда қатысты. Ойынның іріктеу кезеңінде айналасынан ат оздырған командалар финалда бақ сынады.

Шешуші кезеңде командалар ел тарихындағы елеулі оқиғалардан сыр шертетін «Сақтардың қаһармандық дастандары», «Қазақ хандығы», «Алаш идеясы – ұлттық бірігу концепциясы», «Желтоқсан желі ызғарлы», «Тәуелсіздік белесі – үлкен арман кемесі» тақырыбы бойынша көрініс қойып, сол кезеңдегі тұлғаларды сомдады.

Іс-шара соңында финалдық ойында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздар анықталды. №68 мектеп-гимназиясы – «Жеңіске деген ұмтылысы үшін» номинациясымен, №54 мектеп-лицейі – «Шығармашылық ізденісі үшін» номинациясымен марапатталды. №65 мектеп-гимназиясы 3 орынды алса, №88 мектеп-лицейі 2 орынды иеленді. Ал жүлделі 1 орын №60 мектеп-лицейіне бұйырып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар тарту етілді.