










Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Астана қаласының оқытушы-суретшілері арасында байқау нәтижелері бойынша ұйымдастырылған «Ұлы дала бояулары» атты оқытушы-суретшілердің Халықаралық одағы мүшелерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылды.
ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова өзінің сөзінде Орталық түрлі бірлескен іс-шаралар ұйымдастыра отырып, қосымша білім беру мекемелеріне қолдау көрсетіп келетінін атап өтті. Ал бүгінгі көрменің басты мақсаты – оқытушы-суретшілердің шығармашылық іске асырылуын ынталандыру мен Қазақстандағы бейнелеу өнерін насихаттау.
Астана қаласының балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының директоры Гүлзия Исенованың айтуынша, бүгінгі көрме аясында көруге болатын туындыларының авторлары нағыз талантты және жан-жақты дамыған тұлғалар. Өйткені, олар жас қазақстандықтарды көркемдік шеберлікке үйретіп қана қоймай, өз шығармашылық дамуына да көңіл бөледі.
Елорда оқытушы-суретшілері арасындағы «Ұлы Дала бояулары» байқауына ҚР оқытушы-суретшілерінің Халықаралық одағы мен Астана қаласының балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы бастамашы болып, байқау 2023 жылдың қыркүйек айында жарияланған болатын.
Қазылар алқасы қатысушыларды келесі критерийлер бойынша бағалады: ой мен орындаудың өзіндік ерекшелігі, көркемдік айқындылық, композиция техникасын меңгеру, колористикалық шешім, эстетикалық құндылығы.
Қорыта келе 1 орын иегерлері болып келесі адамдар марапатталды:
1. Жәйірбек Қайрат;
2. Смағұлова Ақтоты;
3. Қабдеш Шалқар;
4. Айтуарова Людмила;
5. Смағұлов Асқар;
6. Асқарова Гүлбарам;
7. Баймуханов Қуандық.
2 орын иегерлері:
1. Бейсенбаев Дәурен;
2. Есімов Еркінбек;
3. Алпысбаева Толғанай;
4. Қабылжапаров Мейірбек.
3 орын иегерлері:
1. Жұмағат Фариза;
2. Байғожанов Әліби;
3. Камалова Дана;
4. Қожантаев Төленді.
Президенттік орталықта ұйымдастырылатын көрмеде бейнелеу өнерінің түрлері мен орындау техникасы бойынша: кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының әр түрінен барлығы 70-тен астам жұмыс ұсынылды. Авторлар өз туындыларында қоршаған әлемге деген көзқарасын бейнелеп, елге, отбасына, халықтың мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігі туралы әңгімелейді.
Көрме Астана қ., Ә. Бөкейхан көшесі, 1а. мекен-жайы бойынша 2024 жылдың 25 қаңтарына дейін жалғасады.