Басты бетТАҒЛЫМЫ МОЛ СЕМИНАР

ТАҒЛЫМЫ МОЛ СЕМИНАР

ТАҒЛЫМЫ МОЛ СЕМИНАР ТАҒЛЫМЫ МОЛ СЕМИНАР ТАҒЛЫМЫ МОЛ СЕМИНАР ТАҒЛЫМЫ МОЛ СЕМИНАР ТАҒЛЫМЫ МОЛ СЕМИНАР ТАҒЛЫМЫ МОЛ СЕМИНАР ТАҒЛЫМЫ МОЛ СЕМИНАР ТАҒЛЫМЫ МОЛ СЕМИНАР ТАҒЛЫМЫ МОЛ СЕМИНАР

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Рухани таным мен тағылым негізі» атты қалалық семинар өтті. Бұл жиында Астана қаласы мектептерінің кітапханашылары мен мұғалімдері бас қосты.

Семинарды Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы директорының орынбасары Серік Сыдықов ашып, Орталық пен елорданың білім беру мекемелері арасында көп жылдан бері орнаған әріптестік қатынастың арқасында көптеген іс-шаралар өткізу игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

«Бүгінгі семинарда өзекті мәселе көтеріліп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу аса жауапты әрі күрделі міндет. Жас буынның жігері өткір, өмірлік қиындықтарға бекем болуы тиіс. Басқаша болмауы керек», – деген болатын. Балалардың рухани мәдениетін арттыру үшін алдымен өзіміз рухани сауатты, білімді болуымыз керек. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген», - деді С. Сыдықов.

Сөз кезегін алған Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК басшысының орынбасары Жангелді Әмірғалиев ұлтты қалыптастыру жолындағы ұлттық құндылықтардың рөлі зор екенін тілге тиек етті.

Басқосуда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Астана қалалық филиалының кеңесшісі Болат Жексенғалиев қазақ тілінің үндесім-сөйлеу нормалары және академиялық сауаттылық жайын қозғаса, «Алматыкітап» баспасының вице-президенті Гүлнұр Құдайберген «Балалар танымын қалыптастырудағы «Менің Қазақстаным» кітаптар сериясы – рухани кемелдену көзі ретінде» тақырыбын тарқатты. Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК бөлім басшысы Райгүл Әмірхамзина «Оқу жобалары арқылы оқушылардың оқу-танымдық көзқарасын дамытуда педагог пен кітапханашының  бірлескен іс-әрекеті» атты баяндама жасады.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара ой бөлісіп, пікір алмасты.