Басты бетЕЛОРДА ОҚУШЫЛАРЫ ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

ЕЛОРДА ОҚУШЫЛАРЫ ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

ЕЛОРДА ОҚУШЫЛАРЫ ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ ЕЛОРДА ОҚУШЫЛАРЫ ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ ЕЛОРДА ОҚУШЫЛАРЫ ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ ЕЛОРДА ОҚУШЫЛАРЫ ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында елордадағы №23 мектептің оқушыларына «Қазақтың музыка өнері» тақырыбында музей сабағы өткізілді.

Сабақ барысында жеткіншектер қазақ халқының ұлттық аспаптарының шығу тарихымен танысып, музейдің интерактивтік залындағы қобыз, домбыра, жетігеннен төгілген күмбірлеген күйге құлақ құрыштарын қандырды. Сондай-ақ олар өнер майталмандарының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мол мағлұмат алды.

Оқушылар Құрманғазы Сағырбайұлының «Ақсақ киік» күйі мен Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйінің шығу тарихын қызығушылықпен тыңдады. Іс-шара соңында жеткіншектер сұрақтарға жауап беріп, домбырада ойнады.