Басты бетҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА - ТЕҢГЕ ТАРИХЫНЫҢ ТАРАУЛАРЫ ТАЛДАНДЫ

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА - ТЕҢГЕ ТАРИХЫНЫҢ ТАРАУЛАРЫ ТАЛДАНДЫ

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА - ТЕҢГЕ ТАРИХЫНЫҢ ТАРАУЛАРЫ ТАЛДАНДЫ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА - ТЕҢГЕ ТАРИХЫНЫҢ ТАРАУЛАРЫ ТАЛДАНДЫ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА - ТЕҢГЕ ТАРИХЫНЫҢ ТАРАУЛАРЫ ТАЛДАНДЫ

Ұлттық валюта - теңге күнінде Қазақстан Республикасы Президенттік орталықтың қызметкерлері елордалық №79 мектеп – гимназиясының оқушылары мен Astana IT University колледжінің студенттері үшін «Теңге-тәуелсіздік символы» қор көрмесі бойынша тақырыптық экскурсиялар өткізді.

Экскурсия барысында студенттер мен оқушылар қазақ теңгесінің төл тарихына үңіліп, оның Қазақстан экономикасын қалыптастыру мен дамытудағы рөлі мен маңыздылығы жайында баяндайтын фактілермен танысты. Жас ұрпақ өкілдері көрмеде ұсынылған ортағасырлық монеталарды, күмістен жасалған салмақ бірліктерін, мерейтойлық, инвестициялық банкноттарды және бағалы металдардан жасалған теңге монеталарын ерекше қызығушылықпен зерттеді.