Басты бетҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕЛОРДАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫНА КӨШПЕЛІ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕЛОРДАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫНА КӨШПЕЛІ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕЛОРДАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫНА КӨШПЕЛІ ДӘРІС ӨТКІЗДІ ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕЛОРДАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫНА КӨШПЕЛІ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының ғылыми-білім беру бағдарламасы аясында Астана қаласының Еуразия гуманитарлық институты Жоғары Колледжінің студенттері үшін «Қазақстандағы ислам: тарихы, мәселелері, келешегі» атты дәріс өткізілді.
Дәріс барысында еліміздің аумағына мұсылман дінінің кіруі мен таралу тарихымен қатар исламның қазақ халқының өзіне тән ерекше руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы басты қайнар көздердің бірі ретіндегі рөлі туралы біле алды.
Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының дәріс беруші: «Қазақстандық қоғамдағы мұсылман дінінің даму тарихының ғылыми-теориялық және тәжірибелік маңызы бар. Бұдан басқа, «ислам факторы» барлық мемлекеттердің геосаяси мүдделеріне әсер етуде, оның жаһандық саясат пен экономикаға, халықаралық қатынастарға ықпалы да арта түсуде», – деп атап көрсетті.