2 қарашада Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Еуразия гуманитарлық университеті мен Астана халықаралық университетінің студенттеріне арналған «Жаңа Қазақстан: әділ қоғам» атты екі күндік оқыту семинары аяқталды.
Жастар әділеттіліктің тұжырымдамалық принциптері, қазақ қоғамының әлеуметтік-мәдени идеалдары, жаңа құндылықтарды қалыптастыру мәселелері, сондай-ақ Жаңа Қазақстанға қарай «ілгерілеу траекториясы» тақырыптарында дәрістер тыңдады. Тәжірибелік сабақтар барысында студенттер жобаларды әзірлеу және ұсыну дағдыларына ие болды.
Сонымен қатар, семинар-тренинг тыңдаушылары «Болашақ» стипендиясының атақты түлектерімен кездесуге қатысуға, табыстар мен жетістіктердің тарихымен танысуға, қойылған сұрақтарға жауаптар мен мақсаттар қоюға және оған жетуге ынталандыруға мүмкіндік алды.
Еуразия гуманитарлық университетінің 1 курс студенті Оразбекова Гүлфайруз: «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен ұйымдастырылған митап-кездесу өте жоғары деңгейде өтті. Өзімізге қажетті көптеген мәліметтер алдық. Түлектер бағдарлама бойынша оқу және өміріндегі мансапқа қалай қол жеткізгендері туралы ойларын ортаға салып, өзекті мәселелер бойынша ашық талқылау болды. Біз көкейіміздегі сұрақтарға жауап алдық. Бұл кездесу бізге жігер беріп, қызығушылығымызды одан сайын арттырды»,- деп өз ойымен бөлісті.