



Ағымдағы жылдың 23 қазаны Республика күні қарсаңында елордадағы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясының 8-10 сынып оқушылары үшін «Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы» тақырыбында көшпелі дәріс өтті.
Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қорынан алынған көлемді материалдар тыңдаушыларға жан-жақты ақпарат алып, қаланың даму тарихындағы маңызды белестермен, XXI ғасырдың заманауи астанасын құру ұлттық жобасын жүзеге асырудың негізгі бастамаларымен танысуға мүмкіндік берді.
«Президенттік орталықтың ұжымына Астана тарихы бойынша тамаша дәріс үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Дәріскердің қызықты әңгімесі мені сонау өткенге алып барды. Мен өз қалам туралы көп нәрсені білдім және көптеген үйлер мен ғимараттарға мүлдем басқа көзқараспен қарадым. Мен туған Астананың осындай қызықты әрі таңғажайып тарихы бар екенін мақтан тұтамын», – деп өз әсерімен бөлісті 8 «Б» сынып оқушысы Эмилия Козлова.