Басты бет › «Тұран» колледжінде экологиялық сын-қатерлер мен Президент Жолдауында қойылған міндеттер талқыланды

«Тұран» колледжінде экологиялық сын-қатерлер мен Президент Жолдауында қойылған міндеттер талқыланды

«Тұран» колледжінде экологиялық сын-қатерлер мен Президент Жолдауында қойылған міндеттер талқыланды «Тұран» колледжінде экологиялық сын-қатерлер мен Президент Жолдауында қойылған міндеттер талқыланды «Тұран» колледжінде экологиялық сын-қатерлер мен Президент Жолдауында қойылған міндеттер талқыланды

«Тұран» колледжінің студенттеріне арналған «Қазіргі заманның экологиялық проблемалары: жай-күйі және шешу жолдары» тақырыбында көшпелі дәріс өткізілді.

Дәріс барысында Қазақстандағы экологиялық мәселелерді шешуге, атап айтқанда, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелеріне баса назар аударылды. Климаттың өзгеруі, су тұтыну көлемінің артуы және су инфрақұрылымына түсетін жүктеменің көбеюі жағдайында бұл мәселелердің маңызы арта түсуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздегі су ресурстары тапшылығы мәселесі жүйелі әрі батыл шаралар қабылдауды талап етеді. Ең алдымен, құндылығын қазіргі жағдайда асыра бағалау мүмкін емес су ресурсын ұтымды әрі үнемді пайдалану қағидаттарын барлық жерде енгізу қажет. Суға ұқыпты қарау шаруашылық жүргізудің міндетті қағидатына айналуға тиіс», – деп атап өтті.

Лектордың айтуынша, аталған мәселе еліміздің халқы үшін елеулі қауіп төндірумен қатар, жаһандық экологиялық проблемалардың бір бөлігі болып табылады. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, су әлемдегі негізгі стратегиялық ресурстардың біріне айналып келеді және 2030 жылға қарай көптеген елдер тұщы су тапшылығына тап болуы мүмкін. Дәріс барысында халықтың су тұтынуға деген көзқарасын өзгертуге бағытталған заманауи тәсілдер де талданды.

Дәріс соңында студенттер «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысу тәжірибелерімен белсенді бөлісті. Олар ұлттық экологиялық бағдарламалар мен жобалар туралы жақсы хабардар екенін және осы бағытта практикалық дағдыларын меңгергенін көрсетті.