Басты бет › Президенттік орталықта Дүниежүзілік ғылым күніне орай халықаралық конференциясы өтеді

Президенттік орталықта Дүниежүзілік ғылым күніне орай халықаралық конференциясы өтеді

Президенттік орталықта Дүниежүзілік ғылым күніне орай халықаралық конференциясы өтеді

2026 жылдың 5 қарашада сағат 10.00-де ҚР Президенттік орталығында Дүниежүзілік ғылым күніне орай және тұрақты дамуға арналған ғылымдардың халықаралық онжылдығы аясындағы «Орталық Азия елдерін тұрақты дамытуға арналған ғылым, деректер және болжау» атты халықаралық конференциясы өтеді.
Іс-шара ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясы және ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы өңірлік кеңсесімен бірлесіп өткізіледі.
Конференция қазіргі заманның технологиялық және климаттық сын-қатерлеріне тиімді жауап іздеу үшін ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың күш-жігерін шоғырландыруға бағытталған.
Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ стратегиялық талдау, климаттық бейімделу және инновациялық даму саласындағы сарапшылар, ғалымдар мен зерттеушілер қатысады.